Бектенов Олжас Абайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Үкімет – Холдингтің Жалғыз акционері болып табылады және оның басқаруына қатысады.
Холдингтің инвесторлары мен серіктестері қаржы құятын жобалар ұлттық басымдықтар мен мемлекеттік саясатқа толық сәйкес келетініне сенімді бола алады.
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ, «Бәйтерек» холдингі, Холдинг) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын және ұлттық экономиканы басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» құрылды. Холдингтің негізгі мақсаты – меншігіне тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) тиімді басқаруды корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету.
«Бәйтерек» холдингі – құрамында келесі 7 еншілес ұйымы бар интеграцияланған даму институты: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-тың миссиясы – қазақстандық тауарлар мен қызметтердің өндірісін қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттары негізінде жәрдемдесу.