Кеңес ал!


Холдинг 2026 жылғы наурызда өткен жыл сайынғы марапаттау рәсімінде Қазақстан қор биржасының (KASE) «Эмиссиялық белсенділігі үшін» және «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды. Кәсіби қоғамдастықтың мойындауы Холдингтің нарыққа белсенді қатысуын, орнықты ұстанымдарын, табысты стратегиясын және институционалдық инвесторлар мен серіктестер тарапынан сенімнің жоғары деңгейін растайды.

«Байтерек» ҰБХ» АҚ өзінің алғашқы әлеуметтік облигацияларын 2024 жылғы желтоқсанда KASE алаңында 100 млрд теңге көлемінде орналастырды. Қаражат «Кең дала 2» бағдарламасы шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Жоба фермерлердің жеңілдікті кредиттеуге қолжетімділігін қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.

Тұрақты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама

2024 жылғы 7 қарашада Холдинг Басқармасының шешімімен (№ 58/24 хаттама) Капитал нарығының халықаралық қауымдастығының (ICMA) Жасыл облигациялар қағидаттарын (GBP), Әлеуметтік облигациялар қағидаттарын (SBP) және Тұрақты облигациялар жөніндегі басшылық қағидаттарын (SBG) ескере отырып әзірленген Тұрақты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобаларды іріктеу, тартылған қаражатты басқару, ақпаратты ашу және есептілік тәсілдерін айқындайды.

Бағдарлама шеңберінде мыналарды шығару көзделген:

  • Жасыл облигациялар — экологиялық әсері бар жобалар үшін (ЖЭК, энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару және т.б.);

  • Әлеуметтік облигациялар — әлеуметтік әсері бар жобалар үшін (тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және т.б.);

  • Тұрақты даму облигациялары — бір мезгілде экологиялық және әлеуметтік әсері бар жобалар үшін.

2025 жылы АХҚО Жасыл қаржы орталығы (AIFC Green Finance Centre) Холдингтің 100 млрд теңге көлеміндегі әлеуметтік облигациялары бойынша қаражаттың пайдаланылуына тәуелсіз эмиссиядан кейінгі тексеру жүргізді. Бағалау қорытындылары бойынша шығарылымның ICMA Әлеуметтік облигациялар қағидаттарына сәйкестігі расталды, ал Холдингке GBP, SBP және SBG қағидаттарына сәйкестік картасы бойынша «Өте жақсы» дәрежесі берілді. Бұл тартылған қаражатты басқарудың, жобаларды іріктеудің, есептіліктің және ақпаратты ашудың жоғары деңгейін көрсетеді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар