Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Туған күні: 1978 жылғы 1 сәуір.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін, Халықаралық бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.
2000-2008 жылдары — Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекшісі, бас салық инспекторы, ШКС жұмысы және аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.
2008-2009 жылдары — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2009-2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары — ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы.
2013-2014 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2014 жылы — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.
2014-2017 жылдары — Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау облысы бойынша басшысы.
2017-2019 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаментінің директоры.
2019-2020 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2020-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2023-2024 жылдары — VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.
2024 жылғы 6 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционердің шешімімен №72 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Медальдар: «Ерен еңбек үшін», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі;
Атауы: «Салық қызметінің үздігі»
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.