Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдингтің корпоративтік басқару жүйесі Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі және Басқарма арасындағы өкілеттіктердің бөлінуін, сондай-ақ Холдинг қызметін басқару және бақылау тәртібін айқындайды.
Холдингтің корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаттарына негізделген. Холдинг осы саладағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу және тиісті бағалау жүргізу арқылы корпоративтік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады.
Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 178 бұйрығымен Үлгілік корпоративтік басқару кодексіне және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жаңа редакцияда бекітілді.
Холдингтің корпоративтік басқару органдары жүйесіне мыналар кіреді:
Холдингтің Ішкі аудит қызметі корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізеді. Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің күтулерін ескере отырып, талдау кезеңділігін айқындайды.
Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкес Холдинг жыл сайын корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау туралы есеп дайындайды.
26.09.2026 жылы "Бәйтерек "Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ өз облигациялары бойынша 1-ші купондық сыйақы төледі