Кеңес ал!

Жасыл және көміртегі бейтарап экономикаға көшу Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы саладағы ұлттық бағдарларды айқындайтын негізгі құжат — Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы. "Әділет" АҚЖ

Холдинг парниктік газдар шығарындыларын есепке алу, климаттық тәуекелдерді және портфельдің көміртегі сыйымдылығын бағалауды жетілдіру, сондай-ақ жасыл және тұрақты жобаларды қолдау арқылы ұлттық климаттық күн тәртібін іске асыруға жәрдемдеседі.

2025 жылы Холдинг парниктік газдар шығарындыларын есептеуге және климаттық мақсаттарды қалыптастыруға қатысты әдіснамалық тәсілдерді өзектендірді.

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі

Парниктік газдар шығарындыларын есепке алу

Есептеу мыналарды қамтиды:

  • Scope 1 — тікелей шығарындылар: Холдинг Тобының ұйымдары операциялық бақылауды жүзеге асыратын көздерден шығатын шығарындылар;

  • Scope 2 — жанама энергетикалық шығарындылар: сатып алынған электр және жылу энергиясын тұтынуға байланысты шығарындылар;

  • Scope 3 — өзге жанама шығарындылар: қаржыландырылатын шығарындыларды қоса алғанда, құн құру тізбегінде туындайтын шығарындылар.

2026 жылы Холдинг алғаш рет Холдинг Тобы бойынша парниктік газдар шығарындыларының шоғырландырылған есебін қалыптастырды. Scope 1 және Scope 2 көрсеткіштері үш жылдық динамикада ұсынылған, бұл операциялық шығарындылардың өзгерісін бағалауға және есепті кезеңдер бойынша нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Scope 3 бойынша жанама шығарындылардың елеулі санаттары, оның ішінде 15-санат «Инвестициялар» бойынша 2025 жылғы шоғырландырылған деректер ашылған. Қаржыландырылатын шығарындыларды есепке алу Холдинг портфелінің көміртегі ізін неғұрлым толық бағалауға мүмкіндік береді.

2025 жылғы парниктік газдар шығарындылары туралы деректер сыртқы верификациядан өтті, бұл климаттық ақпаратты ашудың дұрыстығын, салыстырмалылығын және ашықтығын арттырады.

Холдинг Тобының 2025 жылғы парниктік газдар шығарындылары

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар