27.05.2022 Нуркеева Салтанат

"Ұмай"  қашан  өтініштер қабылдай бастайды ?

Құрметті Салтанат!

«Отбасы банкі» үшінші траншты күтуде. Қаражат келген кезде банк өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Жаңалықтарды бақылап жүріңіз.

17.05.2022 Айжан

Салематсызба. Мен Актау каласынан боламын. Биыл 2022 ж КЖК аркылы уй алуга болама. Толык акпаратты кай жактан алуга болады. Актаудагы орналаскан адресин айтасызба.

Құрметті Айжан!

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы денсаулық сақтау және білім саласы қызметкерлері үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда. Бірақ қатысушылардың тізімін тек сіздің жұмыс орныңызды бақылайтын департамент/әкімдік/министрлік жасайды. Сондықтан олармен хабарласқан жөн. Бұл бағдарлама туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден табуға болады:

https://khc.kz/kk/%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bf-%d0%b0%d0%bb%d1%83-%d2%9b%d2%b1%d2%9b%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bd-%d1%82/

04.05.2022 Римма

Тұрғын үй алуға толық ақпарат қайдан қарай алам


Құрметті Римма!

«Бәйтерек» холдингінің құрылымында әртүрлі бағдарламалар бойынша пәтер сатып алуға несиені еншілес ұйым – «Отбасы банкі» береді. Барлық қажетті және толық ақпаратты олардың ресми сайтында – https://hcsbk.kz/ алуға болады. Сондай-ақ кеңесшілермен байланысуға болады, келесі сілтемеде олардың байланыстары бар - https://hcsbk.kz/network-agents/.

12.04.2022 Мейргуль

2 бөлмелі пәтерге кезекте тұрған көпбалалы аналарға неге үй берілмейді?!  Олардың 3-4пәтерге тұрғандардан қандай айырмашылығы бар? Анам, Екібастұз қаласында кезекте тұр, кезек нөмірі 12.Не істеуге болады?

Құрметті Мейіргүл!

Сіздің сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. «Бәйтерек» холдингі тұрғындарды баспана кезегіне қоюмен айналаспайды.

09.04.2022 Назгуль

Актобе каласында Нұрлы жер багдарламасы кашан шыгады?


Құрметті Назгүл!

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру қарастырылған және бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.

Табыстарға байланысты тұрғын үйге қолжетімділіктің градациялық жүйесі көзделеді. «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша отбасы мүшесіне бір ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табысы бар кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі.

Салынған жалға берілетін тұрғын үй кезек тәртібімен әкімдіктердегі тізімдерде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімді жалға берілетін болады. Мұндай санаттағы адамдардың тізімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабында келтірілген.

Бұдан басқа, жастар жылы шеңберінде 3 жыл бойы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар жыл сайын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы «көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар» санатындағы кезекте тұрғандарға қолжетімді болады. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығы; отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 шамасынан аспайтын соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) кірістің болуы;

неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің аяқталуы (толық емес отбасылар үшін);

төлем қабілеттілігін растау;

ЖАО-ның тұрғын үйге мұқтаж есепке қойылуын және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушылардың көзделген санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растауы.

Осы бағдарлама шеңберінде аталған санаттағы кезектегілерге бастапқы (оның ішінде ЖАО кредиттік тұрғын үй) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алуға жылдық 2%-бен, тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасы бар, кредит беру мерзімі 20 жылға дейін жеңілдікті кредит беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде қарыздың ең көп сомасы – 15 млн. теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.

Табысы 3,7 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі кезекте тұрғандар жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйіне және «5-20-25», «5-10-20» (әскери қызметшілер, бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер) бағдарламалары бойынша жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйіне үміткер бола алады. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;

төлем қабілеттілігін растау;

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау.

Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйін сатып алу үшін «5-20-25» бағдарламасына қатысушыларға жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 5%-ы, тұрғын үй құнының 20%-ы бастапқы жарнасы бар, кредит беру мерзімі 25 жылға дейінгі кредит беріледі.

Таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу (сатып алу) және сату құны Алматы қаласында − 240 мың теңгеге дейін; Нұр-Сұлтан қаласында және оның қала маңы аймағында - 220 мың теңгеге дейін; Шымкент қаласында және Алматы қаласының қала маңы аймағында − 200 мың теңгеге дейін; Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында − 180 мың теңгеге дейін; қалған өңірлерде − 160 мың теңгеге дейін; жеке үйлер салудың пилоттық жобалары шеңберінде − 120 мың теңгеге дейін.

Сонымен қатар, бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін (жеке құрылыс салушылардың, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы объектілеріндегі тұрғын үй, жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйі) «5-10-20» бағдарламасының қатысушыларына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасымен, жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 5%-бен, кредит беру мерзімі 20 жылға дейінгі кредит беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алу кезіндегі қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында - 15 млн. теңгеден аспайды; өзге өңірлерде - 12 млн. теңгеден аспайды.

Кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін мұқтаж ретінде есепке қою үшін әкімдікке жүгініп, Отбасы банкінде депозит ашу қажет.


06.04.2022 Шынар

Саламатсызба. Мен мүгедек бала бағушы анамын. Маған акимат нұрлы жер бағдарламасымен үй беріп отыр. Бірақ ол 1 бөлме, оған біз барып тұра алмаймыз. Себебі басқа балдарым ,жолдасым бар. Не жалдап қоюғада келіспейді. Енді мен Отбасы банк арқылы осы беріп отырған пәтерді с выкупом деп кредитке алсам болама. Аз мөлшердегі процентпен. Алдын ала рахмет.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының 5.1.1-баптың 1-тармағына сәйкес, сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарлама бағыттарының бірі болып табылады және оны өңірлердің жергілікті атқарушы органдары іске асырады. Осыған байланысты, тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау «Отбасы банк» АҚ өнімдерінің тізбесіне кірмейді және Холдинггтің құзіретіне жатпайды.   Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша, 2022 жылғы 13 сәуірде «Отбасы банк» АҚ қызметкері Сізбен телефон қоңырауын жүргізіп, Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша егежейлі – тегежейлі түсініктемелер бергендігін қосымша хабарлаймыз.

05.04.2022 Райхан Сламбекова

Сіздердің банк арқылы сатып алу құқығымен пәтер жалдап тұрып жатырмын. Сол пәтерді өз атыма аудару үшін қанша ақша құюым қажет?

Құрметті Райхан!

«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ ұсынған ақпараты бойынша, Сіздің мәселеңіз бүгінгі күні реттелген.


05.04.2022 Токеева Макпал Ерланкызы

Сіздердің программа бойынша дипломмен ауылға 15 жылға үй алып едім, 10 жыл болады төлеп келе жатырмын. Қанша қалды төлеуге соны қалай білемін?

Құрметті Мақпал!

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырды. Өткен жылы қор Аграрлық несие корпорациясымен біріктірілді. Қазір бағдарламаның операторы – Аграрлық несие корпорациясы. 5115 телефоны бойынша компанияның байланыс орталығына хабарласуңызды сұраймыз.

 


31.03.2022 Жарылқасын Сүгірбай

Жасым 26да. Осы кезге дейін кірпіш өндіру саласында қызмет жасап келдім. Елімізде көптеген жеке  кірпіш заводттарында жұмыс жасадым. Өзбек, тәжік азаматтары келіп жасайды. Ұсынысым осы жылға дейін жинаған тәжірбием мол. Өндіріс орның ашуға Сіздерде қаржыландыру бар ма?

Құрметті Сүгірбай!

Ірі бизнес субъектілерін қолдау шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды 7 млрд теңгеден бастап 20 жылға дейінгі мерзімге орташа және ұзақ мерзімді кредиттеу қызметтерін ұсынады. Бұл ретте, жобаға өтініш берушінің өзінің қатысу мөлшері инвестициялық жоба құнының кемінде 20% - ын құрауы тиіс.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шартты түрде орналастыру жолымен қаржыландыру түріндегі қолдау құралдарын ұсынады.

Кепілдік беру құралы кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды болжайды.

Субсидиялау құралы кәсіпкерлердің кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Шарттарға сәйкес, кәсіпкер жобаны қаржыландыру және қайта қаржыландыру туралы мәселе бойынша екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) жүгінеді. ЕДБ кредит беру/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім қабылдаған кезде кәсіпкер субсидиялау және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылданатын нысан бойынша бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен «Даму» қорына жүгінеді.

Қолдау құралдары бойынша толық ақпаратты Сіз өз қалаңыздың филиалынан, +7 (727) 244 55 66 бірыңғай нөмірінен немесе ресми сайттан https://damu.kz/ ала аласыз.

 


31.03.2022 Битемиров Еркин Сайлауович

Мен шымкент қаласында көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтеріме жапсарлас кәсіпкерлік кеңсе қонақ үй асханасымен салуға жаспарланған жобаны мемлекеттің қолдауымен жеңілдетілген қаржы алуға болама.

Құрметті Еркін!

Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қолдауды көздейді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша негізгі шарттар:

·          қарыздың ең жоғары мөлшері - бір қарыз алушыға 20,0 млн. теңгеге дейін;

·          инвестицияларға субсидиялау мерзімі - 3 жылға дейін;

·          айналым қаражатын толықтыруға - 2 жылға дейін;

·          кәсіпкер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі – 6%, (кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +5%, оның ішінде қарыз алушы 6% төлейді, ал айырмасын мемлекет төлейді), моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

·          нысаналы мақсаты - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру;

·          салалық шектеулерсіз (ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай-ақ сауда саласында (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі).

Бағдарлама шарттары бойынша кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қорына қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру көзделген.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша негізгі шарттар:

·          экономиканың басым секторларында өз және тиімді жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері екінші бағыттың қатысушылары болып табылады

·          қарыздың ең жоғары мөлшері – облыс орталығындағы бір қарыз алушыға 3,0 млрд. теңгеге дейін;

·          шағын және моноқалалар, ауылдық елді мекендер үшін 1,5 млрд. теңгеге дейін;

·          * субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылға дейін;

·          * кәсіпкер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі - 6%, (кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +5%, оның ішінде қарыз алушы 6% төлейді, ал айырмасын мемлекет төлейді).

Кепілдік берудің негізгі шарттары:

·          кредит сомасы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеден және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн. теңгеден аспайды;

·          кепілдік мөлшері – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85%-ға дейін, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін;

·          сыйақының максималды мөлшерлемесі - кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 5%;

·          кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды;

·          нысаналы мақсаты - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру. 

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қонақүйлердің қызмет көрсетуі (ЭҚЖЖ: 55.10 «Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі») басым салалардың тізбесіне кіреді. Бұл ретте, жоба басым салалар тізбесіне кірмейтін бизнес-офис пен асхана құрылысын да көздейді.

Шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, Шымкент қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасы бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы қосымша хабарлаймыз.

Осы бағдарлама бойынша кредиттер беру салалар бойынша шектеусіз, 1%-бен (пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырып), бір қарыз алушыға қарыздың ең жоғары мөлшері 10,0 млн.теңгеге дейін жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қолдау бағдарламалары бойынша толық ақпарат алу үшін өтініш беруші Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 95/1 мекенжайы бойынша «Даму» қорының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалына немесе мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7 (7252) 99 70 52, +7 702 477 60 58.      

Сұрақтар 1 - 10 / 79
Басы | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта