Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Туған күні: 1976 жылғы 13 қазан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Жалғыз акционердің шешімімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №135 бұйрығымен «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін менеджер-экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы - Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де бастаған.
1998 - 2005 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ», «Харрикейн Ойл Продактс», «Қызылорда Мұнай Сервис», «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» ЖШС-лерінде басшылық қызметтер атқарған.
2005 - 2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
2007 - 2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008 - 2013 жылдары – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2013 - 2021 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.
2021 - 2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 - 2026 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
2026 жылғы 6 мамырда №1267 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.