- Холдинг туралы
2021 жылдың көрсеткіштері
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлікте Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаның қаржылық операторлары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді.
Джидда қаласында «Қазақстан – Сауд Арабиясы» инвестициялық дөңгелек үстел отырысы өтті
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы
мемлекеттік саясатты іске асыру және «Стратегия – 2050» қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.
Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына және техникалық жарақтандырылуына жәрдемдеседі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг штат санын түзете отырып, портфельдік компанияларды 7-ге дейін қысқартты.»