Шайхы Жандос Алкенұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары
Шайхы Жандос 1982 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2024 жылғы сәуірде Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 28 мамырдағы шешімімен Басқарма мүшесі болып сайланды. Жобалармен жұмыс және активтерді басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.
Білімі:
- «КИМЭП университеті» КЕАҚ, Алматы
Іскери әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры (2000-2004) (үздік)
Мансап жолы:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
- Басқарма төрағасының орынбасары (сәуір 2024 - қазіргі уақытқа дейін)
«Ситибанк Қазақстан» АҚ
- Директор, Филиал басшысы, Астана (ақпан 2013 - сәуір 2024)
- Вице-президент, Негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджер, Астана (наурыз 2011 - қаңтар 2013)
- Вице-президент, Корпоративтік қаржы жөніндегі елдік директор, Алматы (маусым 2007 - ақпан 2011)
- Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, Алматы (сәуір 2005 - мамыр 2007)
«Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС
- Талдаушы, Кавказ және Орталық Азия (мамыр 2004 - наурыз 2005)
- Салық консультанты, Қазақстан (қаңтар 2002 - сәуір 2004)
Марапаттар:
- «Қазақстан темір жолына 25 жыл» медалімен марапатталған (2022 ж.).
- Қаржыгерлер қауымдастығы Қазақстанның үздік қаржыгері деп таныды (2018 ж.).
Қосымша лауазымдар атқармайды. Үлестес ұйымдардағы акциялардың үлестеріне иелік етпейді.