- Холдинг туралы
Экспорттық (экспорталды) келісімдерді кредиттеу Қазақстан Республикасының резиденттері көрсететін жұмыстар мен қызметтер экспортын, сонымен қатар Қазақстанда шығарылған тауарлардың экспортын көтеруге бағытталған.
Даму банкінің қаржыландыруының басым бағыты болып қайта өңдеуші өнеркәсіп зауыттары, ауыл шаруашылық өндірісі, азық-түліктер мен сусындар өндіруші кәсіпорындар, қызмет көрсету нысандары және т.б. табылады.
Кредиттің минималды сомасы - 3 млн $.
Экспорттық операцияларды қаржыландыру мерзімі экспорттық қызмет шарттарымен белгіленеді.
KazakhExport Қазақстанның экспорттық кредиттік агенттігі болып табылады және Қазақстанның Ұлттық банкімен реттелетін сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынады.
Шикізаттық емес тауарлардың қазақстандық өндірушілері мен қызметтерді жеткізушілерін сыртқы нарықтарда ілгерілету мен экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал ету.
KazakhExport 2004 жылдан бері әлемдегі ең ірі экспорттық несие ұйымдарының қауымдастығы Берн одағының Прага клубының мүшесі, оның құрамына 34 елдің және 3 көпұлтты ұйымның 37 агенттігі кіреді.
KazakhExport «Мудиз инвесторз сервис» агенттігінен «Baa3» қаржылық сенімділіктің ағымдағы рейтингісіне ие.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев Zakon.kz сайтына берген сұқбатында егіс науқанына қанша қаражат бөлінгенін және несиелеу бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілгенін айтып берді.