Кеңес ал!

Жаңа инвестициялық модельге көшу

2024 — 2033

Миссия
Тұрақты экономикалық өсуге инвестиция салу арқылы болашақ ұрпақтың әл-ауқатын жақсарту
Пайым
Жаңа өсу нүктелерін құратын және жаһандық нарықтарда сенімді серіктес болатын проактивті инвестициялық холдинг

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы толыққанды ұлттық инвестициялық холдингке институционалдық трансформацияны бекітетін 2033 жылға дейінгі жаңартылған Даму жоспарын ұсынады.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында экономикалық өсудің проактивті моделіне көшу және Қазақстанның шикізаттық емес секторын терең әртараптандыру үшін бірыңғай инвестициялық конвейерді енгізу үшін әзірленді.

Жаңартудың басты мақсаты — қолдау шараларын бөлуден стратегиялық инвестор және ірі жобалардың сәулетшісі рөліне көшу.

Жаңа модель аясында Холдинг даму институттарының бірыңғай цифрлық және клиентке бағдарланған экожүйесін қалыптастырады.

Процестерді оңтайландыру және бірыңғай ESG стандарттарын енгізу мәмілелерді құрылымдауды жеделдетуге, активтердің кірістілігін арттыруға және мемлекет пен азаматтар үшін барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызметтің стратегиялық бағыттары

Мақсат 1.1

Активтер құнын арттыру

Міндеттер

  1. Үлестік қаржыландыру нарығын дамыту
  2. Топ өнімдерін коммерцияландыру
  3. Қорландыру көздерін әртараптандыру
  4. Сыртқы борышты басқару стратегиясы
  5. Тәуекелдерді басқару
  6. ESG қағидаттарын енгізу
  7. Инвестициялық құзыреттерді қалыптастыру және бизнес-модельді трансформациялау

Жоспардың негізгі параметрлері

8 трлн ₸

Кәсіпкерлік блогын жыл сайын қаржыландыру

1 трлн ₸

2028 жылға дейін РБ-дан жыл сайын қаржыландыру

12,6%

Клиент үшін бірыңғай мөлшерлеме

2024–2033 жылдарға арналған Даму жоспарын жүктеу

Корпоративтік
іс-шаралар
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар