Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Корпоративтік хатшы Холдингтің Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Директорлар кеңесі тағайындайтын және Холдингтің Директорлар кеңесіне есеп беретін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметкері болып табылады.
Корпоративтік хатшының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Холдинг Жарғысымен, Холдингтің Корпоративтік хатшысы туралы ережемен және Холдингтің өзге ішкі құжаттарымен айқындалады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ережеге сәйкес Холдингтің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысының міндеттері Холдингтің қызметкері болып табылмайтын және еңбек қатынастары таралмайтын және сыйақы төленбейтін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелуі мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Холдингті басқаруға қатыспайды.
Корпоративтік хатшыға жүктелген функцияларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету Холдингтің Корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Корпоративтік хатшы қызметі Холдингтің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Корпоративтік хатшыға бағынады.
Корпоративтік хатшының негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:
Холдингтің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 03/19 шешімімен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысының міндетін атқарушы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев тағайындалды.