Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Туған жылы: 1963 жылғы 1 маусым
Азаматтығы: Гонконг
Білімі:
1986 жылы Цинхуа университетін (Пекин, Қытай) бітіріп, техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
1993 жылы Гарвард университетінде (Кембридж, АҚШ) гуманитарлық ғылымдар магистрі және экономика саласындағы философия докторы (Ph.D.) дәрежесін алған.
Жұмыс тәжірибесі:
1991-1996 жылдары Халықаралық валюта қорында экономист болып жұмыс істеді.
1996-2009 жылдары Цинхуа университетінің Ұлттық экономикалық зерттеулер орталығының профессоры және тең директоры болды.
1997 жыл мен 2010 жыл аралығында Goldman Sachs Greater China Басқарушы директоры, серіктесі және Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2010 жылдан бастап инвестицияларды басқару және тікелей инвестициялар бойынша маманданған Primavera Capital Group халықаралық инвестициялық компаниясының негізін қалаушы, Басқарма төрағасы және бас директоры.
Yum China Holdings, Inc. басқармасының атқарушы емес төрағасы, UBS Group AG және Chubb Limited тәуелсіз директоры болып табылады. Бұрын Industrial and Commercial Bank of China, Ant Financial Group және Hong Kong Exchanges and Clearing Limited тәуелсіз директоры болған.
Қытай Халық Республикасының Үкіметіне қаржы реформасы, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрылымдау және макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша кеңес берді.
Жалғыз акционердің шешімімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №160 бұйрығымен «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Холдингтің акцияларына, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестеріне иелік етпейді.