Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы

Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Нұрболат Айдапкелов, 1979 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы 2022 жылдың қаңтарында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

Еңбек жолын 2001 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Еңбек және халықты жұмыспен қамту институты бөлімінің 2 санатты маманы болып бастады. 2002 жылдың маусымынан 2003 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Статистика департаментінің қызмет көрсету секторындағы статистика департаментінің қызмет көрсету және туризм статистикасы басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2003 жылғы қарашадан 2006 жылғы қазанға дейін - Сараптамалық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша «Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы бөлімінің бас маманы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін - Сараптамалық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша «Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директоры. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қазанға дейін - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2008 жылғы қазаннан 2009 жылғы маусымға дейін - «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылғы шілдесінен бастап желтоқсанға дейін - «Astana Knowledge City» АҚ кеңесшісі.

2009 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011 жылғы мамырдан 2013 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылғы қаңтар айынан сәуір айының аралығында – «Статистикалық зерттеулер орталығы» ЖШС атқарушы директоры. 2015 жылдың наурызынан 2016 жылдың сәуіріне дейін - «KAN Group» ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан-сәуір аралығында - «OPN Management» ЖШС бас директорының орынбасары. 2016 жылғы мамырдан 2020 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2000 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, заңгер мамандығын алған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта