Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 1-бабы 1 - тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары, Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілері) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру.
Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Республикалық және жергiлiктi деңгейдегi қоғамдық кеңестер мен олардың құрамын жұмыс топтары құрады, олардың жетекшiлерi азаматтық қоғамды ұсынатын жұмыс топтарының мүшелерi арасынан дауыс беру арқылы сайланады.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспауы керек. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.
Азаматтық қоғам өкілдері жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде құрылады.
Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.
Холдингтің Қоғамдық кеңесін құру бойынша жұмыс тобының құрамы
«Бәйтерек» Холдингінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және пайдалану, тұрғын үй қорын сақтау және кәсіби басқаруды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңес отырысы өтті.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он үшінші отырысы Кеңес мүшелері мен Холдинг өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он екінші отырысы Кеңес мүшелерінің, Холдингтің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он бірінші отырысы Кеңес мүшелерінің, Холдинг пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.