«Бәйтерек» холдингі Үкіметпен қалай жұмыс істейді

«Бәйтерек» холдингі Жалғыз акционері болып табылатын және оның басқаруына қатысатын Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз жұмыс істейді.

Холдингтің инвесторлары мен серіктестері олар ұлттық басымдықтар мен саясатқа сай келетін жобаларды қаржыландыратындығына сенімді бола алады.

«Бәйтерек» холдингі тиімді белгіленген ынтымақтастықты пайдалана отырып, инвесторлар мен Үкімет арасындағы қарым-қатынасты оңтайландырады.

«Бәйтерек» холдингі туралы ақпарат

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» холдингі, Холдинг) – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

«Бәйтерек» холдингі-құрамына 8 еншілес ұйым кіретін интеграцияланған даму институты: холдингтің 100 пайыз қатысуымен акционерлік қоғамдар болып саналатын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы Банк» АҚ, «Даму» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы» АҚ, «Kazakh Export» ЭСК» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, "Bereke Bank" АҚ.

2021 жылдың наурызында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ «Бәйтерек» холдингіне бірігу арқылы қайта құрылды. Сондай -ақ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ негізінде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (қазіргі «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ) құрылды.

Сонымен қатар, компанияның капиталына тікелей инвестициялау құралы шеңберінде Холдингтің еншілес компаниясы 59 компанияның ішінде әр түрлі меншік үлестеріне ие болып отыр.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және «2050 – Стратегиясында» қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР тұрақты экономикалық дамуына көмектесу болып табылады.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

  • Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
  • Экспорттық әлеуетті арттыру;
  • Инновациялар енгізу және трансферті.

«Бәйтерек» холдингі келесі мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі оператор болып табылады:

Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам»

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қарапайым заттар экономикасы

«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы

Директорлар
кеңесі
Смайылов Әлихан Асханұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Скляр Роман Васильевич

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Сүлейменов Тимур Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Жамаубаев Ерулан Кенжебекұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі, Холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі

Қуантыров Әлібек Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы

Мари-Элен БЕРАР

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор, "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы.

Дэниел А. Витт

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы.

Манфред ГРУНДКЕ

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор, "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы.

Холдинг
басқармасы
Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Хамитов Ерсайын Ерболатұлы

Басқарма төрағасының орынбасары, экономика, бухгалтерлік есеп және есептілік, қазынашылық, корпоративтік қаржы жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Ғалым Үсен Асқарұлы

Басқарма төрағасының орынбасары


Еншілес
компаниялар

Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:

Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ«Qazaqstan Investment Corporation»АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.

Микро, шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына және техникалық жарақтандырылуына жәрдемдеседі.

«Bereke Bank» АҚ – бөлшек клиенттердің және нарықтағы шағын, орта ойыншылардан бастап ірі ойыншыларға дейінгі корпоративтік бизнес сегменттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты.

«Qazaqstan Investment Corporation»  АҚ
«Отбасы Банк» АҚ
«Қазақстан Даму Банкі АҚ
«Bereke Bank» АҚ
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар