- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдинг және оның еншілес ұйымдары инвестициялық қызмет барысында экологиялық және әлеуметтік факторларды ескеруге бағытталған ESG қағидаттарын ұстанады:
инвестициялық қызметтің ашықтығы — Холдингтің/еншілес ұйымдардың қызметі инвестициялық процестің жариялылығы мен ашықтығы негізінде жүзеге асырылады; бұл ретте Холдинг/еншілес ұйымдар клиенттерден экологиялық, әлеуметтік проблемалар және басқару мәселелері туралы ақпаратты тиісті түрде ашуды талап етуі мүмкін;
әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік — іске асырылуы нәтижесінде жоба іске асырылатын өңірдегі тіршілік ету ортасы, еңбектің әлеуметтік жағдайлары және халықтың өмір сүру деңгейі елеулі түрде нашарламайтын жобаларды қаржыландыру; егер іске асырылатын жоба шеңберінде қолданылатын болса, инвестициялар жоба іске асырылатын өңірдегі халықтың өмір сүру деңгейін, жұмыспен қамтылу деңгейін және (немесе) еңбектің әлеуметтік жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған;
егер мұндай негіздер еншілес ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделсе, ESG қағидаттарына сәйкес келмейтін жобаларға қаржыландыру беруден бас тартылуы мүмкін.
Жасыл және әлеуметтік жобалардың тізбесі
Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметінде ESG қағидаттарын енгізу туралы есеп