1620201428_27-phonoteka_org-p-audit-fon-40.jpg

Комплеанс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл

1. Комплеанс-тәуекелді басқару

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметі корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелді – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамауы салдарынан шығындар (материалдық және беделдік) туындауының тәуекелін басқаруға жауап береді.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мүдделер дауын болдырмау, Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтің негізгі функциялары болып табылады.

2. Жемқорлыққа қарсы саясат

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті бола отырып, жемқорлықтың алдын алу, ескерту және анықтау бойынша бақылау функцияларын енгізу, сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да жемқорлықты оның кез-келген түрінде қатаң қабылдамау ортасын құру арқылы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Осы мақсатта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешенін, сондай-ақ, еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық пен шындық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруды қамтитын Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саясаты қабылданған.

Холдинг қызметкерлері жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинарларына қатысады, сондай-ақ қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Холдингтің ішкі құжаттарын білуге тестілеуден өтеді.

Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша табылуы мүмкін: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk и https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама.docx

Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша оқыту

Оқыту: сыбайлас жемқорлық және алаяқтық

3. Іскерлік этика кодексі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері басшылыққа алатын корпоративтік (іскерлік) этиканың негізгі құндылықтары мен қағидаларын белгілейтін ережелер жинағын қарастыратын Іскерлік этика кодексі қабылданды.

Іскерлік этика кодексі


Корпоративтік
іс-шаралар
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар