Онжанов Тимур Нұрланұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Тимур Онжанов 1984 жылы туған. Қазақстан Республикасының азаматы. 2024 жылғы маусымда Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 18 маусымдағы шешімімен Басқарма мүшесі болып сайланды.
Білімі:
- Санкт-Галлен Университеті (Швейцария)
Корпоративтік қаржыға, нарықтарға және сыртқы саудаға бейімділігі бар банк ісі және қаржы саласындағы магистрі
(2012)
- Берн университеті (Швейцария)
Іскерлік әкімшілік және экономика саласындағы ғылым бакалавры (2008)
Мансаптық жолы:
- 2013 жылғы шілдеден 2016 жылғы шілдеге дейін Deutsche Bank AG (Франкфурт, Германия) жобалық қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру бойынша құрылымдық сауда-экспорттық қаржыландыру бөлімінде сату бойынша менеджері болды.
- 2016 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың маусымына дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жұмыс істеп, онда активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары, активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаментінің директоры, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, Бас директордың Халықаралық бизнес пен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірінші орынбасары, сондай-ақ АХҚО әкімшілігінің қаржы секторы бойынша бас өкіл - атқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
Қосымша лауазымдар атқармайды. Үлестес ұйымдардағы акциялардың үлестеріне иелік етпейді.