Жарғылық капитал құрылымы

01.08.21 жағдайы бойынша тіркелген (жарияланған) акцияларының саны 5 000 086 550 дана жай акцияларды құрайды.
01.08.21 жағдайы бойынша жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялар саны 3 748 990 577 дана жай акцияларды құрайды.
01.08.21 жағдайы бойынша орналастырылған акциялар саны - 1 251 095 973 дана жай акция.
01.08.21 жағдайы бойынша бір акцияның атаулы құны (құрылтайшылар төлеген кезде) 1000 (бір мың) теңгені құрайды.

 

Акционерлер құрамы:

Холдингтің Жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
2013 жылғы 26 маусымда Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілді. 

2021 жылғы 27 сәуірде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысына сәйкес холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берілді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада және Эмитенттің Жарғысында Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің уәкілетті адамдарының бұйрықтарымен ресімделеді.

 

Акциялармен берілген құқықтар:

1) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығы;
2) Холдингтің таза кірісі болған жағдайда, дивидендтер алу құқығы;
3) Холдинг Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылған кезде оның мүлкін алу құқығы.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта