- Холдинг туралы
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (2021 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстандық Ипотекалық компания» ИҰ» АҚ) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру бойынша «Нұрлы жер «мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірыңғай қаржы операторы болып табылады, сондай-ақ құрылыс саласында өзінің инвестициялық жобаларын іске асыруды жүзеге асырады.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін қолжетімді тұрғын үй ұсынысын ұлғайту мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу жолымен кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ халықаралық қаржы ұйымының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту есебінен тұрғын үй инвестициялық жобаларын жобалық қаржыландыруды жүзеге асырады.
2021 жылы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ «CG Land» ЖШС-мен жалпы сомасы 31,1 млрд теңгеге Алматы облысындағы G4 City қала құрылысы инвестициялық жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу және жобалық қаржыландыру тетіктері арқылы әлеуметтік бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды ұсынады.
Әлеуметтік бағдарланған жобаларға білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс, денсаулық сақтау объектілерін, өзге де урбанистік объектілерді, сауықтыру және рекреациялық объектілерді, сондай-ақ қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының өзге де объектілерін салуға байланысты жобалар жатады.
Әлеуметтік бағдарланған жобаларды қаржыландыру жылжымайтын мүлік объектілерін Қоғам теңгерімінен кепілді сатып алу жағдайында, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жүзеге асырылады.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (2020 жылғы қарашаға дейін «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ) кепілдік беру жағдайы басталған кезде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға кепілдік береді. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның, сондай-ақ үлестік құрылыстың басқа да қатысушыларының қызметі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдендіру тетігін іске асыру бойынша құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үй құрылысына кепілдік беру шеңберінде үлескерлердің кепілдігі бар тұрғын үй сатып алуға арналған қарыздарын кепілдендіру тетігін енгізді.
Бұл тетік үйдегі үлесті сатып алуға кредит алу үшін қосымша кепілі жоқ халық үшін тартымды (бұл жағдайда кепіл нысанасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт болады).
Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады.