Омбудсмен – Холдингтің Директорлар кеңесі тағайындайтын, рөлі өзіне өтініш жасаған, еңбек дауларының қатысушылары болып табылатын Холдингтің қызметкерлеріне консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуын ескеріп (оның ішінде қажет болса құпиялылықты сақтау), өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуге жәрдем көрсету, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету болып табылатын тұлға.

Омбудсменнің негізгі атқарымдары: 

  • Іскерлік әдеп кодексінің ережелерінің орындалмауы туралы мәліметтер жинау;
  • Қызметкерлерге, еңбек дауына қатысушыларға кеңес беру;
  • Холдинг қызметкерлерінің жұмыскерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және Холдингтің лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты шағымдарын қарастыру; 
  • Холдинг қызметкерлеріне шиеленістерді (дауды) сот қарастыруына дейін жеткізбей бастапқы кезеңде реттеуге, соттан тыс тәртіпте реттеуге жәрдемдесу; 
  • Холдингтің лауазымды тұлғаларына қабылданған өтініштер бойынша шиеленістерді (дауларды) реттеу жөніндегі ұсыныстарды келтіру; 
  • Жүйелі түрде қайталанып отыратын шиеленістерді (дауларды) шешу және алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау; 
  • Холдинг қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен қажетті жиналыстар, кездесулер, кеңестер, талқылаулар өткізу, сонымен қатар келіп түскен өтініштер бойынша Холдинг қызметкерлерін тыңдау.


Қазақстан Республикасының "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кез келген қызметкері мен лауазымды тұлғасы еңбек заңнамасын, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ішкі процедуралары мен Іскерлік этика кодексінің ережелерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ корпоративтік жанжалға және мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның омбудсменіне +7 (7172) 907-817 телефоны бойынша, сондай-ақ мына электрондық мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: ombudsmen@baiterek.gov.kz немесе пошталық мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар