Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Жалғыз акционері болып табылады.
Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, Басқарма төрағасының, тәуелсіз директорлардың және өзге де жеке тұлғалардан құралады.
Басқарма құрамына Басқарма төрағасы, оның орынбасарлары және өзге де тұлғалар кіреді.
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.
Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын бизнесті қаржылық қолдау арқылы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына өз үлесін қосуда. Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыруға сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ жәрдемдеседі.
Портфельдік компанияларды кейіннен штат санын түзете отырып, 7-ге дейін қысқарту жоспарланып отырғанын атап өтеміз.