- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдингте тұрақты даму саясатын табысты әрі тиімді жүргізу үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға тиісті назар аударылады. Мүдделі тараптарды айқындау кезінде Холдинг және оның еншілес ұйымдары осы саладағы халықаралық стандарттарды қолданады.
Мүдделі тараптардың тізбесін, олардың Холдинг мүдделеріне ықпал ету дәрежесі мен салаларын айқындау мақсатында Холдингтің стейкхолдерлер картасы әзірленген.
Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде Холдинг мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:
барлық мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу және ескеру;
нысаналы аудиторияларды өз қызметі туралы белсенді түрде хабардар ету;
мемлекеттік бағдарламаларды, жекелеген ішкі рәсімдерді (сатып алу, жұмысқа қабылдау, қаржылық және қаржылық емес қызметтер көрсету) іске асыру, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдалану бөлігінде объективтілікті, анықтығын, тәуелсіздікті және ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
барлық мүдделі тараптармен ашық әрі нәтижелі ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
мүдделі тараптар алдында өзіне алған міндеттемелерді орындау;
мүдделі тараптардан тұрақты негізде кері байланыс алу.
Корпоративтік даму бойынша өзекті ақпаратты тиісті бөлімде табуға болады.