Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
Туған күні: 1980 жылы 28 шілде.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына сайлануы:
2025 жылғы 26 наурыз Холдингтің жалғыз акционерінің шешіміне, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің № 102 бұйрығына сәйкес.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2001-2002 жылдары — Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы.
2002-2003 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі, Инвестициялар комитетінің атташесі.
2003-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
2006-2007 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары.
2007-2009 жылдары — «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы.
2009-11.2009 жылы — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс, Мемлекеттік жұмыс, Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары.
11.2009-12.2009 жылы — ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі.
12.2009-12.2010 жылдары — Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары.
12.2010-01.2011 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.
01.2011-01.2013 жылдары — Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі.
01.2013-11.2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.
12.2014-2016 жылдары — «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы.
2016-2020 жылдары — «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
04.2021-01.2022 жылдары — «ҚТЖ «ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры.
2022-2025 жылдары — «ҚТЖ «ҰК» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директорының м.а.
2025 жылғы 28 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.