Кеңес ал!


Қызметінің сипатына байланысты Холдинг қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Холдинг тұтынатын негізгі ресурстар — электр энергиясы, жылу энергиясы және су.

Холдинг қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алуды барынша тиімді қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен әдістерін қолданады.

Холдинг өз қызметінде энергия тиімді технологияларды енгізу, су тұтынуды азайту, электрондық құжат айналымы жүйесін және екіжақты басып шығару тәжірибесін енгізу есебінен кеңсе қажеттіліктеріне қағаз жұмсауды азайту арқылы ресурстарды шамадан тыс тұтынуды қысқартуға және қоршаған ортаға қолданыстағы теріс әсерді барынша азайтуға ұмтылады.

Холдингте «жасыл офистің» мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ офисті экологияландыру тәсілдері мен жоспарланған іс-шараларды қамтитын «Жасыл офис» тұжырымдамасы бекітілген.

«Жасыл офис» тұжырымдамасын қалыптастыру мақсаттары:

  • Холдинг қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту;

  • қызметкерлерге экологиялық білім беру;

  • ресурстарды ұтымды пайдалану деңгейін арттыру.

Холдингтің «Жасыл офис» тұжырымдамасының қағидаттары үш R ережесіне негізделеді — Reduce (Қысқарт), Reuse (Қайта пайдалан), Recycle (Қайта өңде):

Reduce (Қысқарт). Осы қағидатқа сәйкес «жасыл офис» табиғи ресурстарды: электр энергиясын, суды, қағазды, жылуды пайдалануды қысқартуға ұмтылуы тиіс. Бұл ереже заманауи технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы да, ұйымдастырушылық және үгіт-насихат іс-шаралары арқылы да іске асырылады.

Reuse (Қайта пайдалан). Бұл қағидат қайталама шикізаттан өндірілген шығыс материалдарын, оның ішінде қағазды, кеңсе тауарларын және кеңсе техникасын пайдалануға бағытталған.

Recycle (Қайта өңде). Бұл қағидаттағы ең бастысы — пайдаланылған шикізатты дұрыс кәдеге жарату: барлық қалдықтарды сұрыптау, макулатураны тапсыру, кеңсе техникасы мен батарейкаларды дұрыс кәдеге жарату.

Холдингтің "жасыл кеңсе" тұжырымдамасын жүктеп алу

Smart Plastic Zone жобасы аясында Platinum белгісін алу


Smart Plastic Zone экологиялық жобасы шеңберінде «Байтерек» Холдингі пластикті тұрақты пайдалану тәжірибелерін енгізгені және экологиялық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі үшін ең жоғары мәртебеге — Platinum белгісіне ие болған Қазақстандағы қаржы секторының алғашқы ұйымы болды. Холдингтің еншілес ұйымдары Gold белгісін алды, бұл ESG бастамаларына бірыңғай әрі жүйелі тәсілдің қолданылатынын растайды. Платина белгісін алу «Байтерек» Холдингінің экологиялық инновациялар көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайтады және тұрақты дамуға ұмтылатын басқа ұйымдар үшін бағдар болып табылады.

Жасыл бастамалар

Холдинг «Жасыл офис» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жыл сайын бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

2026 жылы ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015) «Экологиялық менеджмент жүйелері» талаптарына сәйкестікке қайта сертификаттау аудиті жүргізілді.

Қайта өңдеуге тапсырылған макулатура көлемі – 1 293 кг.

Бизнес-орталықтың 1-қабатында заттарға арналған жәшік орнатылған. Оған қайырымдылық қорлары мен аз қамтылған отбасыларға кейіннен беру үшін өз заттарын әкелуге болады.

Алюминий құтылар мен пластик бөтелкелерді қабылдайтын фандомат орнатылған.

Панасыз жануарларға арналған панажайға кейіннен беру үшін жемге арналған жәшік орнатылған.

Холдинг тұрақты негізде үгіт-насихат сипатындағы іс-шараларды да жүзеге асырады, олардың қатарында:

  • Холдинг қызметкерлері үшін «Жасыл офис» тақырыбында оқыту өткізу;

  • сенбіліктер ұйымдастыру;

  • қызметкерлердің экологиялық саналылығын арттыру үшін «Қағазсыз күн», «Автокөліксіз күн», «Энергия үнемдеу күні» және басқа тақырыптар бойынша ақпараттық хабарламалар тарату.

Холдингтің қабаттарында ресурстарды үнемдеу жөніндегі үгіт-насихат тақтайшалары орналастырылған. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған.

Холдинг Тобының бизнес-орталығы ресурстарды ұқыпты пайдалану технологияларын ескере отырып салынған. Жұмыстық, авариялық және жөндеу жарықтандыру жүйелері көзделген. Люминесцентті жарық көздері пайдаланылады. Қасбеттің витраждық әйнектелуі электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электр энергиясын үнемдеу үшін уақытша болу орындарында қозғалыс датчиктері орнатылған.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар