Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

Кеңес ал!

Бәйтерек холдингіндегі практика және тағылымдама

Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі АҚ инвестиция, қаржы және басқару саласында практикалық тәжірибе алғысы келетін студенттер, жоғары оқу орындарының түлектері және жас мамандар үшін ашық.

Практика студенттер үшін жоғары оқу орнының оқу жоспарында белгіленген мерзімде өткізіледі. Оқу орнының мамандығы, курсы, студенттің аты-жөні және практика мерзімі көрсетілген сауалы практика басталар күннен кемінде бір ай бұрын жолданады.

Тағылымдама Холдингтің жұмысын ішінен танып білгісі келетін жоғары оқу орындарының түлектері мен мамандарына арналған. Тағылымдама мерзімі 14 күнтізбелік күннен 6 айға дейін, ұзарту мүмкіндігімен.

Сіз не аласыз:

Өтінімді қалай беру керек

Түйіндемені және өтінішті Адам ресурстарын басқару департаментіне жолдаңыз. Өтінім қаралғаннан кейін мынадай құжаттарды ресімдеу қажет болады.

Практикадан өту үшін:

  1. Түйіндеме
  2. Өтініш (Холдинг нысаны бойынша)
  3. ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі
  4. Жоғары оқу орнынан жолдама хат (қажет болған жағдайда)
  5. Практикадан өту жоспары (қажет болған жағдайда)
  6. Практикадан өту туралы шарт
  7. Құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім
  8. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы міндеттеме

Тағылымдамадан өту үшін:

  1. Түйіндеме
  2. Өтініш (Холдинг нысаны бойынша)
  3. ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі
  4. Жоғары білім туралы диплом көшірмесі (болған жағдайда)
  5. Сотталмағаны туралы анықтама
  6. Тағылымдамадан өту туралы шарт
  7. Құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім
  8. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы міндеттеме

Өтініштің, шарттың, жария етпеу туралы келісімнің және міндеттеменің нысандарын Адам ресурстарын басқару департаменті береді және ресімдеу кезінде қол қойылады.

Практика мен тағылымдама өтеусіз негізде өтеді.

📧 Практика және тағылымдама мәселелері бойынша: e.zharkina@baiterek.gov.kz

Практика мен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және өткізу қағидалары

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар