Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

Қазақстанның негізгі инвестициялық мүмкіндіктері

«Бәйтерек» Холдингі әлемдегі ең әсерлі және перспективалы инвесторлар үшін бірнеше инвестициялық өнім ұсынады.

"Бәйтерек"
Холдингі туралы

Шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін сенімді серіктес

«Бәйтерек» Холдингі, табысы тек жағымды және ашық нарықтық ахуалға байланысты болатын, қазақстан экономикасындағы инвесторлар үшін сенімді серіктес болып табылады. Сондықтан «Бәйтерек» Холдингінің негізгі қызметі халықаралық қаржы ұйымдарымен, банктермен, инвестициялық қорлармен және халықаралық компаниялармен өзара тиімді қарым-қатынас құру болып табылады. Холдинг жеке тұлғалардан бастап ірі өндірістік корпорацияларға дейінгі әр түрлі инвесторларға қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді.

Инвестициялар, мемлекеттің тиісті миссиясы

«Бәйтерек» Холдингі инвесторларға экономиканың басым секторларын және нақты жобаларды қаржыландыра отырып, Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы. Дамудың бірегей кіріктірілген институты бола отырып, «Бәйтерек» Холдингі Қазақстанда жұмыс істеуге дайын әлеуетті инвесторлар үшін мүмкіндіктің кең ауқымын ұсына алады.

Инвесторларды қорғау

Шетелдегі қазақстандық инвестиция үшін және Қазақстандағы шетелдік инвестиция үшін оңтайлы құқықтық орта Халықаралық конвенция және басқа да түрлі көпжақты және екіжақты келісімдер арқылы кепілдендіріледі. Кәсіпкерлік кодекс инвестициялық қызмет үшін тәуекелді ықшамдайтын кепілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдары ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету арқылы инвесторларға мемлекеттік қолдауды нығайтады.

Инвесторлық құжаттама

Барлық ресурстар

Қазақстан туралы
ақпарат сан бойынша
  • $17.1 млрд2020 жылы Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны
  • 25-ші2020 жылы бизнес жүргізу бойынша әлемдегі орны
  • 42-ші2020 жылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша әлемдегі орны
  • 51-ші2020 жылы адам даму индексі (БҰҰ) бойынша әлемдегі орны
Қазақстан
туралы

Қазақстан Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан. Аумағы 2 млн 724,9 мың ш.км. (1 049 150 ш. миль) алып жатқан ел әлемде аумағы бойынша тоғызыншы орында. Бұл –  көлемі бойынша ТМД-дағы екінші және әлемдегі тоғызыншы ел.

Республиканың солтүстігі мен батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен және Түркіменстанмен ортақ шекаралары бар. Қазақстан – әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайтын әлемдегі ең ірі ел.

Қазақстан халқының саны 18 млн адамнан асады.

Пайдалы
қазбалар

Қазақстан әртүрлі пайдалы қазбаларға ие. Менделеев кестесінің 105 элементінің 99-ы Қазақстан жер қойнауында анықталды, 70-тен астам қорлар барланды, 60-тан астам элемент өндіріске тартылды.

Елдің минералдық-шикізат базасы 5 мыңнан астам кен орындарынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион долларға бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қорлары бойынша бірінші орынды иеленеді, күміс, қорғасын және хромит бойынша екінші, мыс және флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы.

Қазақстан сондай-ақ батыс облыстарында шоғырланған айтарлықтай мұнай-газ ресурстарына ие (расталған мұнай қорлары бойынша әлемде 9-шы орын). Бұдан басқа, Республика көмір қоры бойынша 8-ші орынды және уран қоры бойынша 2-ші орынды алады.

«Қазақстан-2050»
стратегиясы

2012 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуы.

Бұл мақсатқа жету үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

  • Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
  • Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау..
  • Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.
  • Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесін, кадр даярлау және қайта даярлаудың негізгі бағдары.
  • Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
  • Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
  • Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі..
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар