- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдинг өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің маңыздылығын түсінеді және ішкі әрі сыртқы мүдделі тараптар үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Холдинг және оның еншілес ұйымдары ESG ақпаратын (экологиялық және әлеуметтік ақпаратты, сондай-ақ корпоративтік басқару туралы ақпаратты) жылдық есепте/тұрақты даму туралы есепте Жаһандық есептілік бастамасының (Global Reporting Initiative, GRI) ақпаратты ашу жөніндегі халықаралық стандартының қағидаттарына, IFRS S1 «Тұрақты дамуға байланысты қаржылық ақпаратты ашуға қойылатын жалпы талаптар», IFRS S2 «Климатқа байланысты ақпаратты ашу» стандарттарына, сондай-ақ SASB (Тұрақты даму саласындағы есепке алу стандарттары жөніндегі кеңес) салалық стандартына, ұлттық реттеуші – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына және Қазақстан қор биржасының (KASE) қағидаларына сәйкес ашады.



Холдингтің Жылдық есебі мен Орнықты дамуы туралы есепті тиісті бөлімдерден табуға болады (https://baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly/baandamalar-esepter-solular/zhyldyk-eseptilik/ және https://baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly/baandamalar-esepter-solular/turakty-damu-turaly-esep/)