Кеңес ал!


Сыртқы аудит

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2014 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аудиторы «КПМГ-Аудит» ЖШС болып табылады.:

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 06/14 шешіміне сәйкес және сыйақы сомасы 24 640,00 мың теңге (ҚҚС-мен);

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02/15 2015-2018 жылдарға арналған шешіміне және сыйақы сомасы жыл сайын 26 600,00 мың теңге (ҚҚС-мен) ;

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 04/19 шешіміне сәйкес 2019-2021 жылдарға және сыйақы сомасы тиісінше жылдар бойынша 42 560,00 мың теңге, 45 584,00 мың теңге, 48 720,00 мың теңге (ҚҚС-мен).

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 05/24 2024-2026 жылдарға арналған шешіміне сәйкес.

2019-2023 жылдар кезеңінде «КПМГ-Аудит» ЖШС сыртқы аудиторы «Бәйтерек» ҰБХ» үшін қаржылық есептілік аудитіне байланысты емес, аудиторлық ұйымға төленетін сыйақының жалпы құнының 50% - ынан астамын құрайтын консультациялық қызметтер көрсеткен жоқ.

Ішкі аудит

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) құрылған және жұмыс істейді, оның құзыреті «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі мен Жарғысы және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген ІАҚ туралы ереже шеңберінде жүзеге асырылады.

ІАҚ мақсаты Директорлар кеңесі мен Басқармаға тәуекелдерді бағалауға негізделген тәуелсіз, объективті куәландырулар, пікірлер, ұсынымдар мен болжамдар бере отырып, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның ұйымның құнын қалыптастыру, қорғау және сақтау қабілетін нығайту болып табылады.

ІАҚ:

- «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның өз мақсаттарына табысты қол жеткізуіне;

- корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін жетілдіруге;

- «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да қабылданатын шешімдер мен қадағалау сапасын арттыруға;

- мүдделі тараптардың беделін нығайтуға және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ға деген сенімді арттыруға;

- «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның қоғамдық мүдделерге қызмет ету қабілетін жақсартуға ықпал етеді.

ІАҚ келесі жағдайларда тиімді болады:

- ішкі аудитті қоғамдық мүдделерді ескере отырып әзірленген ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыретті мамандар жүргізгенде;

- «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да тәуелсіз позицияны иеленгенде және тікелей Директорлар кеңесіне есеп бергенде;

- ІАҚ басшысы мен қызметкерлері орынсыз ықпалға ұшырамағанда және объективті болуға ұмтылғанда.

ІАҚ-тың негізгі міндеті – ішкі аудитті, яғни «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ жұмысын жетілдіруге және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне бағытталған сенімділікті қамтамасыз ету және кеңес беру жөніндегі тәуелсіз және объективті қызметті ішкі бақылаудың, тәуекелдерді басқарудың және корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалауға және арттыруға жүйелі, дәйекті тәсілді қолдану арқылы жүзеге асыру болып табылады.

ІАҚ тәуелсіздігі «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Директорлар кеңесіне ІАҚ-тың ұйымдық бағыныстылығы мен функционалдық есептілігін көздейтін тиісті мәртебемен қамтамасыз етіледі. ІАҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және өзінің жұмысы туралы есеп береді. ІАҚ қызметіне жетекшілік етуді «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет жүзеге асырады.

ІАҚ өз қызметінде Ішкі аудиторлар институты ұсынған Халықаралық кәсіби практика негіздерінің міндетті элементтеріне, атап айтқанда Жаһандық ішкі аудит стандарттарына және Тақырыптық талаптарға сәйкес келуге ұмтылады.


Корпоративтік
іс-шаралар
18.02.2026
Холдинг облигациялар бойынша екінші купондық сыйақыны төледі (BTRKb9 KZ2C00010304)

2026 жылғы 18 ақпанда "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ BTRKb9 (KZ2C00010304) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны төледі.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар