- Холдинг туралы
Құрметті Жанар!
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың табысы, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйі ұсынылады. Табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады (көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар). Табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «Шаңырақ» («5-10-20») пилоттық жобасы шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйіне үміткер бола алады.
Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚТК" АҚ) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді мынадай шарттармен береді:
- сатып алу құқығымен жалдау мерзімі - 20 жылға дейін
- мөлшерлеме - жылдық 3,1%
- бастапқы жарна - жоқ.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, әкімдіктер ұсынады. "ҚТК" АҚ өз кезегінде төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады және жалға алу шарттарын жасайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға жүгінуді ұсынамыз.
Жоғарыда жазылғанның негізінде, кезекке қою және Бағдарлама бойынша тұрғын үй алу мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін Сізге қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына тіркелу орны бойынша жүгіну қажет.
Құрметті Ерлан!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) еншілес ұйымдары «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ арқылы тұрғын-үй сатып алу шарттары туралы ақпаратты Холдинг сайтының «Қолжетімді баспана» бөлімінің «Ипотекалық кредиттер мен тұрғын-үй қарыздары» бөлімшесінен алуға болады.
Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты еншілес ұйымдардың филиалдары/бөлімшелерінен, ресми интернет-ресурстарынан, ондағы кері байланыс құралдарын пайдаланып немесе сall-орталықтары арқылы алуға болады.
«Отбасы банк» АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, тел.: +7 (727) 330-9-300, Call-орталық: 300 және басқа да кері байланыс құралдары Банктің сайтында орналасқан.
«Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ ресми сайты: https://khc.kz/ru, қауырт желі телефондары +7 727 344-12-22, 8 800 080-44-48 және басқа да кері байланыс құралдары компанияның сайтында орналасқан.
Құрметті Ерлан Сагиналиевич!
Құрметті Ерлан Сағыналыұлы!
«Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрғандарға тұрғын үй сатып алуға несие беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарымен реттеледі.
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) жеңілдетілген қарыздарды мынадай шарттар бойынша береді:
1) қарыздың мақсаты - бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу (жеке құрылыс салушылардың, оның ішінде уәкілетті ұйымның тұрғын үй құрылысы объектілерінде тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау бойынша, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй, ЖАО кредиттік тұрғын үйі);
2) сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5 % (бес пайыз) дейін;
3) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
4) Отбасы банкіндегі шотта бастапқы жарнаның болуы:
алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10%-ы (он пайызы) мөлшерінде;
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде аралық тұрғын үй заемдары бойынша»;
5) кепілмен қамтамасыз ету - сатып алынатын тұрғын үй. Қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде Банк талаптарына сәйкес келетін өзге мүлікті кепілге беруге жол беріледі;
6) Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алу кезінде қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында - 15 млн. теңгеден аспайды; өзге өңірлерде -12 млн. теңгеден аспайды;
7) ЖАО кредиттік тұрғын үйі бойынша қарыздың ең жоғары сомасы аталған мемлекеттік бағдарламаның 5.1.2-кіші бөлімде көзделген 1 ш.м. үшін құнның шекті мөлшерімен айқындалады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасын қоса алғанға дейінгі кірісінің болуы;
3) төлем қабілеттілігін растау;
4) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюды және тұрғынжайға мұқтаждық мәртебесін растауды қамтуға тиіс.
Толық ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы «Отбасы банк» АҚ кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгінуді ұсынамыз.
Құрметті Нургул Муратова!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2025 бағдарламасы) шеңберінде қаржыландыру бойынша ақпарат ұсынуға қатысты сауалыңызға жауап ретінде келесіні хабарлайды.
Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) БЖК-2025 бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыратын мен мониторингілейтін қаржы агенттігі болып табылады. Өз қызметі шеңберінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктердегі кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру арқылы бизнес субъектілеріне қолдау көрсетеді.
БЖК-2025 бағдарламасының екінші бағыты бойынша тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге берілетін қарыз сомасы 7 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көзделген. Бұл ретте, субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 6%-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады (қазіргі уақытта базалық мөлшерлеме 9%-ды құрайды). Сонымен қатар, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және БЖК-2025 бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидияланады.
Осы бағыт бойынша кәсіпкерлердің кредиттеріне ішінара кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдайтын күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін екінші бағыт шеңберінде «Даму» қоры тарапынан кепілдік алудың негізгі шарттары:
- кепілдік берілетін жоба шеңберіндегі кредит сомасы 360 млн. теңгеден аспауы тиіс;
- кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспауы тиіс, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15%-ы болатын кредит бойынша қамтамасыз етуді (кепіл) ұсынады.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпкер үшін екінші бағыт шеңберінде «Даму» қоры тарапынан кепілдік алудың негізгі шарттары:
- кепілдік берілетін жоба шеңберіндегі кредит сомасы 1 млрд. теңгеден аспауы тиіс;
- кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспауы тиіс, бұл ретте кәсіпкер кепілдік құны кредит сомасының кемінде 50%-ы болатын кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Бұдан басқа, «Даму» қоры жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қаржылық қолдау шараларын іске асырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру механизмінің (бұдан әрі – Механизм) операторы болып табылады. ЖКС нысаналы тобы – БЖК-2025 бағдарламасында айқындалған және басым жобаларға кредит берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер.
Механизм шеңберінде қаржыландыру 15%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі, оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттерге ішінара кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50%-ынан және 3 млрд. теңгеден жоғары 5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша 30%-дан аспайды.
Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлердің жобаларын өздері іріктейді және қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпарат алу үшін https://www.damu.kz/ сайтындағы ақпаратпен танысуды ұсынамыз немесе мына телефондар бойынша хабарласыңыз: call-орталық 1408, +7 (727) 244 55 66.
Құрметті Жадыра!
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) сәйкес, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТК» АҚ) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді мынадай шарттармен сатады:
• Бастапқы жарна: жоқ
• Жалдау мерзімі: 240 айға дейін
• Жалдау мөлшерлемесі: жылдық 3,1 %
• Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының
меншігіне өтеді
• Табысы жеткіліксіз болған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу, кепілгерлерді тарту мүмкіндігі.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктері, жергілікті атқарушы органдар ұсынады.
Жыл соңына дейін Нұр-сұлтан қаласында 500-ден астам пәтер пайдалануға беріледі.