Құрметті достар!

«Бәйтерек» холдингі өзінің беделін жоғары бағалайды және Іскерлік этика кодексін қатаң ұстанады. Біз қызметкерлер мен серіктестеріміздің жұмыста адалдық пен ашықтық қағидатын сақтауын, өздері қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Осыған байланысты, «Бәйтерек» холдингінің орталық аппараты мен компаниялар тобына қатысты кез келген бұзушылықтарды уақытылы анықтау және болдырмау үшін өтініштерді кәсіби және құпия қарау үшін байланыс арналары бар екенін хабарлаймыз.

Осылайша:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның кез келген қызметкері мен лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ішкі процедуралары мен Іскерлік этика кодексінің ережелерін бұзу фактілері бойынша

сондай-ақ корпоративтік жанжалға және мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Омбудсменіне +7 (7172) 907-817 телефоны арқылы, сондай-ақ ombudsmen@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына немесе пошта арқылы, мына мекен-жай бойынша: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, Омбудсменге хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - дағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық фактілері немесе ықтимал жағдайлары, сондай-ақ басқа да құқыққа қарсы әрекеттер бойынша

Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметіне +7 (7172) 955-988 телефоны бойынша, сондай-ақ compliance@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына немесе пошта арқылы: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй мекен-жайына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметінің басшысына хабарласуыңызға болады.


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар