Кеңес ал!

«е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz

27.02.2021 Арайлым

Қайырлы күн! Мен Отбасы банкінің салымшысымын.Өзім үй кезегінде тұрмын.жалғызбастымын.Бюджеттік қызметте жасаймын.Депозитте 20 пайыз жинап, Нұрлы жер бағдарламасымен конкурстан өткен болатынмын.Бірақ төлемқабілеттілігін растау кезінде жалақым 126 мыңнан асып кетіп үй ала алмай қалдым.Ал енді 50 пайыз ақша жинағым жоқ.Отбасы банкіндегі қосымша конкурсқа үй кезегінде тұрмаған салымшылар ғана қатыса алады. Ал сонда жалақысы 126 мыңнан асатын жалғызбасты бюджеттік қызметкерлер үйді қалай алады?Үй кезегінде тұрмын, бюджеттік қызметкермін бірақ Нұрлыжер бағдарламасымен үй ала алмай отырмын.Тек 100 пайыз ақшасын төлесең ғана ала аласың дейді.Ең болмаса жалақысы 126 мыңнан асатын жалғызбасты адамдарға 50 пайызын төлеп алуға мүмкіндік берсеңіздер!Қазіргі таңда мен Шаңырақ, Нұрлы жер бағдарласы бойынша 126 мың шектеу қойылғасын үй ала алмай отырмын. Шыны керек осы үйдің 20 пайызын бірнеше жыл салып әзер толтырдым, енді аламын ғой дегенде төлемқабілеттілігінен өте аламай отырмын.Бір шешімі болар деп үміттенемін.

Құрметті Арайлым!
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың кірістері, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне табысы 1 ең төмен күнкөріс (бұдан әрі - ЕТК) деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйі ұсынылады. Табысы 3,1 ЕТК-ге дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты Отбасы» бағдарламасының қатысушысы бола алады (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар). Табысы 3,7 ЕТК-ге дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «Шаңырақ» («5-10-20») пилоттық жобасы шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйіне үміткер бола алады. Табысы 3,7 ЕТК-ден асатын азаматтар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын және ЕДБ-нің өзге де өнімдерін пайдалануға құқылы.
«Отбасы банк» АҚ-ның (бұдан әрі - Банк) Мемлекеттік бағдарламаға қатысуы пулдарды уақтылы және толық қалыптастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу үшін қарыздар (тұрғын үй, аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй қарыздары) беруді білдіреді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша кредиттеу шарттарына өзгерістер енгізу мәселелері Мемлекеттік бағдарлама әкімшісінің құзыретіне жататындықтан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құзырет бойынша жүгінуді ұсынамыз.

26.02.2021 Мырзабаева Айгуль Джурабаена

Бәйтерек" холдингі пәтер жалдау бағасының 80%-ін мемлекет тарапынан өтеу қашан енгізіледі. Қандай құжаттар керек?

Құрметті Айгуль Джурабаевна!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін пысықтауда. Мақсатты аудитория болып ЖАО-да отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар кезектегілер анықталды.

Тетікті іске қосу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

16.02.2021 Торебай Гулсим Жанайдаркызы

Саламатсызба, 2021 жылы Актобе каласынан арендное жилье с последующим выкупом бериледиме?

Құрметті Гүлсім Жаңайдарқызы! «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТК» АҚ) Ақтөбе қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізуде. «ҚТК» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі - ЖАО) кезекте тұрғандарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен беріледі. Бұл ретте Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждарды есептен шығару тікелей ЖАО функциясына жатады. Ақтөбе қаласы, Д.А. Қонаев көшесі, 3В және Қарғалы ауылы, Қарғалы т.м., 200үй (кор.1,2) мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй объектілері «ҚТК» АҚ және ЖАО арасында қол қойылған келісімдер шеңберінде беріледі. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алу үшін сізге жолдама алу үшін ЖАО-ға жүгінуге кеңес береміз. Бұдан басқа, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ЖАО «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабының 1) - 8), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу жүзеге асырылуда. Аталған тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған, табысы жоқ не отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы баркезекте тұрғандарға кезектілік тәртібімен беріледі. Осы бағыт бойынша толық ақпарат алу үшін тіркелген жер бойынша ЖАО-ға жүгінуді ұсынамыз.

21.01.2021 Даулет

Салеметсізбе, мен 2014 жылдан бері очередтемін үй алу үшін бастапқы 10% ды пенционыйды аударып жетпегенін қолма-қол құйып үй алуыма болама? Қазір үш балалымыз әйелім жүкті төртіншісіне.

Құрметті, Дәулет!
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жекеменшік басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану тәсілдерін әзірледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеуде. Бекітілгеннен кейін ережелер жалпыға қол жетімді болады.

09.01.2021 Олжас

Саламатсыздарма. "Шанырақ" бағдарламасы қай уақытка дейін жалғасады?! Бюджетті сіздерден бөлінгеннен кейін "Отбасы банк" бұл сұраққа жауап бере алмай тұр. Болмаса бюджеттің неше пайызы игерілді?! Қанша қалды айта аласыздарма? Немесе қайдан көрсе болады?!

Құрметті, Олжас!
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Шаңырақ" пилоттық жобасын іске асыру кезеңі: 2020 – 2022 жылдар.
"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша қатысушыларға кредит беру үшін ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымынан алынған облигациялық қарыздың шеңберінде «Отбасы банк» АҚ-на 210 млрд теңге бөлінеді.
90 млрд. тенге сомасындағы бірінші транш 2020 жылғы 27 шілдеде алынды, бүгінгі күні 58,4 млрд. теңгеге 5 мыңнан астам қарыз берілді, қосымша жұмыс барысында 50,7 млрд. теңгеге 3,7 мың өтінім келісілді.
Қалған қаражат Ұлттық Банкпен ағымдағы жылы бөлінетін болады.

06.12.2020 Естібаева Жанар Сепікбайқызы

Салеметсиздер!Уй алуға мүмкіндік бар ма?

Құрметті, Жанар Сепікбайқызы!

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Холдинг) еншілес ұйымдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ұсынатын қарыздар және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ипотекалық несиелерінің түрлерімен Холдинг сайтының "Ипотекалық кредиттер мен тұрғын үй қарыздары" бөлімінде танысуға болады.

Сондай-ақ, толығырақ ақпарат алу үшін аталған еншілес ұйымдардың ресми сайттарына өтуді ұсынамыз. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ресми сайты: https://kmc.kz/ru, шұғыл желі: 8 800 080-44-48;

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, Call-centre: 300, +7 705 925 13 00. Бұдан басқа, Банк сайтында қарастырылған басқа да кері байланыс құралдарын қолдана аласыз.

24.11.2020 Нұрайша

Вацаптан жаза аласыздарма сурактарым бар еды. 8-777-******* уй алу жайында

Құрметті, Нұрайша!

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Холдинг) еншілес ұйымдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ұсынатын қарыздар және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ипотекалық несиелерінің түрлерімен Холдинг сайтының "Ипотекалық кредиттер мен тұрғын үй қарыздары" бөлімінде танысуға болады.

Сондай-ақ, толығырақ ақпарат алу үшін аталған еншілес ұйымдардың ресми сайттарына өтуді ұсынамыз."Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ресми сайты: https://kmc.kz/ru, шұғыл желі: 8 800 080-44-48;

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, Call-centre: 300, +7 705 925 13 00. Бұдан басқа, Банк сайтында қарастырылған басқа да кері байланыс құралдарын қолдана аласыз.

23.11.2020 Гулсим

Саламатсызба, осы жылы Актобе каласынан арендный уйлер берилеме?

Құрметті, Гулсим!

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Холдинг) еншілес ұйымдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған."Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ұсынатын қарыздар және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ипотекалық несиелерінің түрлерімен Холдинг сайтының "Ипотекалық кредиттер мен тұрғын үй қарыздары" бөлімінде танысуға болады.

Сондай-ақ, толығырақ ақпарат алу үшін аталған еншілес ұйымдардың ресми сайттарына өтуді ұсынамыз."Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ ресми сайты: https://kmc.kz/ru, шұғыл желі: 8 800 080-44-48;

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, Call-centre: 300, +7 705 925 13 00. Бұдан басқа, Банк сайтында қарастырылған басқа да кері байланыс құралдарын қолдана аласыз.

20.11.2020 Жулдыз

Здравствуйте. Я хотела спросить, по поводу программы Бакытты отбасы? Будет ли финансирование в этом году? Мы многодетная семья, очень сильно ждем эту программу. Скажите пожалуйста когда начнется программа?

Уважаемая, Жулдыз!

Ввиду освоения Банком выделенных средств из Республиканского бюджета по программе «Бақытты отбасы» (далее – Программа), прием новых заявок по Программе приостановлен. Возобновление выдачи займов по Программе будет осуществлен после получения соответствующего (дополнительного) финансирования.

Информация о начале реализации Программы будет размещена на Интернет-ресурсе Банка www.hсsbk.kz для публичного ознакомления.

18.11.2020 Искакова Марал

Қайырлы күн! Еліміздегі шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай көмектер мен қаржылар бөлінді. Материалдар мен сілтемелерді қайдан алуға болады? (Диссертация үшін)

Құрметті, Марал!

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг), елде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау шаралары мен бөлінген қаражат туралы ақпаратты Холдинг сайтының "Баяндамалар, есептер, шолулар" бөлімінде орналастырылған Холдингтің жылдық есептілігінен қарауды ұсынамыз. Сондай-ақ, Холдингтің еншілес компанияларын қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беру аясында презентацияны назарыңызға ұсынамыз.

Сұрақтар 81 - 90 / 98
Басы | Алдыңғы | 6 7 8 9 10 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар