30.07.2021 Есей Бакытберген

Үйді қай қаладан,және қалай алуға болады?

Құрметті Есей Бакытберген!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) еншілес ұйымдары «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ арқылы тұрғын-үй сатып алу шарттары туралы ақпаратты Холдинг сайтының «Қолжетімді баспана» бөлімінің «Ипотекалық кредиттер мен тұрғын-үй қарыздары» бөлімшесінен алуға болатындығын хабарлаймыз. Cілтемесі: https://www.baiterek.gov.kz/kk/kolzhetimdi-baspana/ipotekalyk-kreditter-men-turgyn-uy-karyzdary/.
Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты еншілес ұйымдардың филиалдары/бөлімшелерінен, ресми интернет-ресурстарынан және ондағы кері байланыс құралдарын пайдаланып немесе сall-орталықтары арқылы алуға болады.
«Отбасы банк» АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, тел.: +7 (727) 330-9-300, Call-орталық: 300 және басқа да кері байланыс құралдары Банктің сайтында орналасқан.
«Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ ресми сайты: https://khc.kz/ru, қауырт желі телефондары +7 727 344-12-22, 8 800 080-44-48 және басқа да кері байланыс құралдары компанияның сайтында орналасқан.

25.07.2021 Әбсаттарова Ақжайқын Талғатқызы

Сәлеметсіз бе!Мен өзім дәрігермін ЖТД маманы, қазіргі таңда декреттік демалыстамын, үш перзентіміз бар. Мен ешқандай конкурстан өтпедім, ия болсама жинаған еш ақшам жоқ,мемлекеттен қалай үй алуға ия болмаса кезекке тұруға болады?


Құрметті Ақжайқын Талғатқызы! 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың табысы, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі – ЖАО-да кезекте тұрғандар) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынады. Табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар (көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар) «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады («2-10-22»). Табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «Шаңырақ» («5-10-20») пилоттық жобасы шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін алуға қатыса алады.

Қалған азаматтар үшін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы және ЕДБ-нің басқа да ипотекалық құралдары қолжетімді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниялары – «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредит беруді және сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Тұрғын үй сатып алу шарттары

«Отбасы банк» АҚ арқылы:

Ø «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО-да кезекте тұрғандар және салымшылар)

Бастапқы төлем: 20% бастап

Кредит мөлшерлемесі: жылдық 5%

Мерзімі: 25 жылға дейін

Қарыздың нысаналы мақсаты – ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін сатып алу.

Ø «Шаңырақ» (ЖАО-да кезекте тұрғандар)

Бастапқы төлем: 10% бастап

Кредит мөлшерлемесі: жылдық 5%

Мерзімі: 20 жылға дейін

Қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алу (жеке құрылыс салушылардан, оның ішінде тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау жөніндегі уәкілетті ұйымның тұрғын үй құрылысы объектілерінен, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй, ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі).

Ø «Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасылар үшін тұрғын үй)

Бастапқы төлем: 10%-дан бастап немесе әкімдіктің тұрғын үй сертификаты

Кредит бойынша мөлшерлеме: жылдық 2%

Мерзімі: 20 жылға дейін

Қарыз сомасы: 15 млн теңгеге дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалалары); 10 млн теңгеге дейін (басқа өңірлер).

Қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтардан тұрғын үй сатып алу.

Ø «Өз үйім» (жаңа салынған тұрғын үйді сатып алу («Отбасы банк» АҚ-ның өз бағдарламасы)

Бастапқы төлем: 50% бастап

Несие мөлшерлемесі: жылдық 7%

Тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауға байланысты, жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан басталады

Мерзімі: 20 жылға дейін.

Ø Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй қарызы)

Жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап

Бастапқы төлем: 50% бастап

Кредит мөлшерлемесі: жылдық 3,5% -дан 5% -ға дейін

Мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.

Аралық тұрғын үй заемы

Бастапқы төлем: 50% бастап

Кредит мөлшерлемесі: жылдық 7%-дан 8,5%-ға дейін, кейін 5%-ға дейін төмендейді*

Кредит мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша)

Мерзімі: 25 жылға дейін.

* Аралық заем бойынша бастапқы мөлшерлеме сіздің депозитіңізге 3 жыл толған кезге дейін қолданылады, содан кейін сіз тұрғын үй заемы шарттарына ауысасыз және кредит бойынша мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді.

Ø Алдын-ала тұрғын үй заемы*

Бастапқы төлем: 20% бастап

Несие мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Өз үйім» бағдарламасы бойынша)

Несие мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша)

Тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауға байланысты, жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан басталады

Мерзімі: 25 жылға дейін.

*Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ-ның «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы

Ø Білім беру және медицина саласының қызметкерлері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй

Алғашқы жарна: жоқ

Жалдау бойынша мөлшерлеме: жылдық 3,1 %

Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін, жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Жалға берілетін тұрғын үйді жалдау мерзімі аяқталғанға дейін сатып алуға болады.

Табысыңыз жеткіліксіз болған кезде кепілгерді тартуға болады.

Қарыздың нысаналы мақсаты – таза әрленген тұрғын үй сатып алу

Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарының әкімдіктері ұсынады. «КТК» АҚ төлем қабілеттілігін бағалайды және жалға алу шарттарын жасасады.

Тиісінше, Бағдарламаға қатысу үшін немесе кезекке тұру үшін, Сіз жұмыс істейтін ұйым қай ведомствоға бағынатынына қарай Әкімдікке немесе Министрлікке жүгінуіңіз қажет.

Ø «Орда» ипотекалық бағдарламасы

Алғашқы жарна*:

- табыс толық расталатын кезде, 30%-дан бастап;

- бастапқы жарнаны қарыз алушының немесе үшінші тұлғалардың меншігіндегі жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілмен ауыстыруға болады;

Қарыз сомасы:

минималды сома – 1 млн. теңге.

максималды сома – 65 млн. теңге;

Қарыз мерзімі: 20 жылға дейін;

Сыйақы мөлшері: жылдық 13%.

Қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтардан тұрғын үй сатып алу.

Бұл ақпарат baiterek.gov.kz сайтында «Қолжетімді тұрғын үй» - «Ипотекалық кредит және тұрғын үй қарыздары» бөлімінде орналастырылған.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Әкімдіктер «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабының 1)-8), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салады. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, Әкімдікте кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй кезекпен беріледі. Осы бағыт бойынша толық ақпарат алу үшін тұрғылықты тіркелген жері бойынша әкімдікке жүгінуді ұсынамыз.

23.07.2021 Гулзат

Сәлеметсізбе?! Бәйтерек холдингте лизинг арқылы ауылшаруашылық техникаларын алуға болама? Бастапқы жарна қанша пайыз т.б. Толығырақ білгім келеді.

Құрметті Гулзат!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ҚР-дағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі бойынша негізгі оператор болып табылады.
Сіз «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке келесі шарттар бойынша сатып ала аласыз:
- сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17% дейін (субсидия алу мүмкіндігі бар - 10%, мұндай жағдайда клиент үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 7% құрайды);
- Лизинг мерзімі 10 жылға дейін;
- бастапқы жарна лизинг құнының 15% бастап (техника құнының 25% дейін инвестициялық субсидия алу мүмкіндігі бар);
- 1 жылға дейінгі жеңілдікті кезең.
Толығырақ ақпаратты +7 (7172) 557-755 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе www.kaf.kz сайтының «Өнімдер» бөлімінен алуға болады.

21.07.2021 Рғынбай Ақбөпе

Отбасы банкпен қандай жеңілдіктер болады?

Құрметті Ақбөпе!
Сұрағыңызды нақтырақ қоюыңызды өтінеміз.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) еншілес ұйымдары «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ арқылы тұрғын-үй сатып алу шарттары туралы ақпаратты Холдинг сайтының «Қолжетімді баспана» бөлімінің «Ипотекалық кредиттер мен тұрғын-үй қарыздары» бөлімшесінен алуға болатындығын хабарлаймыз. Cілтемесі: https://www.baiterek.gov.kz/kk/kolzhetimdi-baspana/ipotekalyk-kreditter-men-turgyn-uy-karyzdary/.
Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты еншілес ұйымдардың филиалдары/бөлімшелерінен, ресми интернет-ресурстарынан және ондағы кері байланыс құралдарын пайдаланып немесе сall-орталықтары арқылы алуға болады.
«Отбасы банк» АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, тел.: +7 (727) 330-9-300, Call-орталық: 300 және басқа да кері байланыс құралдары Банктің сайтында орналасқан.
«Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ ресми сайты: https://khc.kz/ru, қауырт желі телефондары +7 727 344-12-22, 8 800 080-44-48 және басқа да кері байланыс құралдары компанияның сайтында орналасқан.

05.07.2021 Ештаева Лаззат Кулбайовна

Депозит ашу үшін неден бастауым керек?

Құрметті, Лаззат Кулбайовна!
Депозит ашудың Сізге келесі тәсілдерін ұсынамыз:
- ЖССБ24 Интернет-банкінде (https://online.hcsbk.kz/) және қосымшасында (https://hcsbk.kz/to-pay/mobile-app/);
- Бейнеқоңырау қызметі (http://clientcall.hcsbk.kz/client/) арқылы бірінші депозитті ашу;
- Кеңесшілер арқылы. Кеңесшілер тізімін мына жерден ала аласыз: https://hcsbk.kz/network-agents/;
- Банк бөлімшелеріне тікелей жүгінген кезде;
- Банктің кеңес беру орталықтарында;
- Қазпошта бөлімшелерінде.
Банк бөлімшелері мен кеңес беру орталықтары туралы ақпаратты мына жерден ала аласыз: https://hcsbk.kz/contacts/.
Депозит ашу туралы барлық сұрақтарыңызға жауаптарды "Отбасы банк" АҚ ресми сайтының келесі бөлімінен алуға болады: https://hcsbk.kz/faq/?SEC=3406.
Сауал жолдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

28.06.2021 Жанар

Уйимнің документинде, еговтан алған, ограничениеде тур. Как можно снять? Ол уйди дариттайын дегем гой.

Құрметті, Жанар!
Сіздің сауалыңыз "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құзыретіне кірмейді. Сондықтан, сауалыңызды сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік органдарға жолдауды ұсынамыз.

22.06.2021 Назерке

Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы 2,5 млн теңге сомасында грант алуды жоспарлайды. Бұл жағдайда өз қаражатының мөлшері қандай болуы керек?

Құрметті Нәзерке!

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары грант бермейді. Бірақ «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру қайтарымсыз негізде облыс әкімдіктері жанынан құрылған конкурстық комиссиялардың шешімімен беріледі. Біз тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке хабарласуды ұсынамыз.

17.06.2021 Есенаманова Гулжанат

Ұмай бағдарламасы арқылы үй алу үшін өтінішті қай уақытқа дейі қабылдайсыздар, мен өтініш жазсам кешіккен жоқпынба?

Құрметті Гүлжанат!

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы арқылы пәтер алу үшін өтініштерді әзірше қабылдап жатыр. Өтінішті мына сілтемемен өтіп, сайт арқылы қалдыра аласыз - https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/umai/.

14.06.2021 Перизат

Мен Шымкент қаласынанмын. Орда бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуыма болады? Қайда баруым керек?

Құрметті Перизат!

«Орда» ипотекасы - агент банктер арқылы жеке тұлғаларды несиелендіруге бастапқы және қайталама нарықтан пәтер сатып алуға арналған «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ипотекалық өнімі. Келесі сілтемемен өтіп, керек ақпаратты алуға болады. Байланыс телефондарыда көрсетілген.

https://khc.kz/kk/program/orda

14.06.2021 Перизат

Нұрлы жер бағдарламасы бойынша білім саласындағы қызметкерлер үшін квартира алу үшін ақпарат керек еді

Құрметті Перизат!

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ақпараттық және әлеуметтік даму саласындағы қызметкерлерге сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің еншілес компаниямыз - «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» жүзеге асыруда.

Шарттар келесідей: жалдау мерзімі - 20 жылға дейін, ставка - жылдық 3,1%, алғашқы жарнасыз.

Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің тізімдерін орталық және жергілікті атқарушы органдар беретіндігін атап өткіміз келеді. Қазақстандық тұрғын үй компаниясы өз кезегінде төлем қабілеттілігін бағалайды және жалдау шартын жасайды. Сондықтан, Сізге ҚР Білім және ғылым министрлігіне хабарласуға кеңес береміз.

Сұрақтар 61 - 70 / 97
Басы | Алдыңғы | 5 6 7 8 9 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар