- Холдинг туралы
Құрметті Гулбатай!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (Холдинг) Сіздің сауалыңызды қарастырып, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Холдинг 2017 жылдан бастап кредиттік тұрғын үй құрылысын тек қана жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) облигацияларын сатып алу жолымен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы қаржыландыратынын хабарлайды.
Барлық қаржы ресурстары, сондай-ақ жобаны іріктеу, құрылыс салушыларын анықтау, игеру және құрылыс жұмыстарының барысына мониторинг жасау бойынша функциялар ЖАО-ға берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша Холдингтің еншілес компаниялары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ жүзеге асырады келесі бағдарламаларды ақпарат үшін ұсынамыз:
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыздардың түрлері
ЖАО кезекте тұрғандармен білім беру және медицина қызметкерлері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға беру.
Алғашқы жарна: жоқ
Жалдау мерзімі: 240 айға дейін.
Жалдау мөлшерлемесі: 3,1 % годовых;
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі;
«Отбасы банк» АҚ ипотекалық несие түрлері
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО кезекте тұрғандар және салымшылар)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 25 жылға дейін
«Шаңырақ» (ЖАО кезекте тұрғандар)
Алғашқы жарна: 10 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 20 жылға дейін
«Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй)
Алғашқы жарна:10 % бастап
Мерзімі: 18 жылға дейін
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 2 %
Заем сумасы:
-15 млн теңгеге дейін (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент, Атырау, Актау қалалары);
-10 млн теңгеге дейін (басқа аймақтар)
«Өз үйім» (жаңа құрылыстарда тұрғын үй сатып алу, «Отбасы банк» АҚ меншікті бағдарламасы)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7%
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
Мерзімі: 20 жылға дейін
Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй заемы)
Жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап
Алғашқы жарна: 50% бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 3,5% бастап до 5% дейін;
Қарыз мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.
Аралық тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 50% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7- ден 8,5% дейін кейіннен 5%-ға дейін төмендеуімен
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Алдын-ала тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 20% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап ( «Өз үйім бағдарламасы бойынша) *
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
* Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана.
Құрметті Айдос!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры) «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы (БЖК-2025) шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру, сондай-ақ БЖК-2025 шеңберінде қаржылық қолдауды мониторингілеу түрінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралдарын іске асыратын қаржы агенттігі болып табылады. Кепілдік құралы кепілдікті қамтамасыз етудің жеткіліксіз болған жағдайында кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуді болжайды.
Ережеге сәйкес субсидиялар несиелер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығындардың бір бөлігін өтеуге пайдаланылады және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде БЖК-2025, шеңберінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламалардың шарттарына сәйкес Кәсіпкер жобаны қаржыландыру және қайта қаржыландыру мәселесі бойынша екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) жүгінеді. ЕДБ несие беру/қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Кәсіпкер «Даму» қорына кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, онда субсидиялау және (немесе) мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсыну туралы шешім қабылданады. Бағдарламаның ағымдағы шарттарына сәйкес.
Бизнес-жоспар бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» кез келген филиалына хабарласуға болады. «Даму» қорының қолдау құралдары бойынша толығырақ ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 (727) 244 55 66 немесе https://damu.kz/ сайтында.
Құрметті Райхан Манарбек!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму институты болып табылады.
Холдинг Қазақстан экономикасындағы инвесторлар үшін сенімді әріптес болып табылады, сондықтан Холдингтің негізгі қызметі әртүрлі инвесторларға, жеке тұлғалардан ірі өнеркәсіптік корпорацияларға дейін қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету болып табылады.
Бүгінгі таңда Холдинг портфелінде индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру, лизингтік қаржыландыру сияқты салаларда 9 қаржылық даму институты бар.
Холдинг құрамында инвестициялық жобаларды қолдауды жүзеге асыратын еншілес ұйымдар жұмыс істейді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, шикізаттық емес экспорттаушыларға бағытталған қаржылық-сақтандыру қолдау шаралары сияқты қолдау құралдарын ұсынады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шартты түрде орналастыру жолымен қаржыландыру түріндегі қолдау құралдарын ұсынады.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ қаржыландыру және ипотекалық кредит беру, субсидиялар және тұрғын үйді жалдау арқылы халықтың тұрғын үйге қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына ықпал етеді. Елдің агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ жәрдемдеседі.
Холдинг құрылымында инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыруға бағытталған «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жұмыс істейді.
Холдинг және оның еншілес ұйымдары белгіленген тәртіппен неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат берген жағдайда Сіздің өтінішіңізді өз қызметі шеңберінде қарауға дайын.
Толығырақ ақпаратты Холдингтің қызметкері: Әділжан Ширяевтен a.shiryayev@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайы немесе +7 (775) 888 13 28 телефоны арқылы алуға болады.
Құрметті Әлия!
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша холдингтің еншілес компаниялары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын келесі бағдарламаларды ұсынамыз.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыздарының түрлері
Жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) кезекте тұрғандар және білім беру, медицина қызметкерлері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға беру
Алғашқы жарна: жоқ
Жалдау мерзімі: 240 айға дейін.
Жалдау мөлшерлемесі: 3,1 % годовых;
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі;
Табыс жетпеген жағдайда кепілгерді тарту мүмкіндігі;
«Отбасы банк» АҚ ипотекалық несие түрлері
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО кезекте тұрғандар және салымшылар)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 25 жылға дейін
«Шаңырақ» (ЖАО кезекте тұрғандар)
Алғашқы жарна: 10 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 20 жылға дейін
«Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй)
Алғашқы жарна:10 % бастап
Мерзімі: 18 жылға дейін
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 2 % Қарыз мөлшері:
- 15 млн теңгеге дейін (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент, Атырау, Актау қалалары);
- 10 млн теңгеге дейін (басқа аймақтар)
«Өз үйім» (жаңа құрылыстарда тұрғын үй сатып алу, «Отбасы банк» АҚ меншікті бағдарламасы)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7%
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
Мерзімі: 20 жылға дейін
Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй заемы)
Жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап
Алғашқы жарна: 50% бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 3,5% бастап до 5% дейін;
Қарыз мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.
Аралық тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 50% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7- ден 8,5% дейін кейіннен 5%-ға дейін төмендеуімен
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Алдын-ала тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 20% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Өз үйім» бағдарламасы бойынша) *
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
* Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана.
Жоғарыда аталған еншілес ұйымдар және олардың бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттарынан алуға болады.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ сайтына сілтеме: https://khc.kz/ru.
«Отбасы банк» АҚ сайтына сілтеме: https://hcsbk.kz/.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің 2021 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасын қарастырып, жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсетуге қаражаттың болмауына байланысты көмек ретінде қаражат бөлу мүмкін болмай тұрғанын хабарлаймыз.
Құрметті Азіретсұлтан!
Орта және шағын кәсіпкерлерді қолдаумен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры айналасады. Бұл қор банктердең бизнесті ашу немесе дамытуға алған кредиттің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды. Немесе банктің алдында кредит алу үшін кепілдік береді. «Даму» қорының қолдауы мезгілсіз болып табылады. Толық ақпаратты www.damu.kz немесе сall-центрге (+7 (800) 080 18 90, 1408) қоңырау соғып білуге болады.
Бұдан басқа біздің еншілес ұйымымыз «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ауыл мен қалада тұратын кәсіпкерлерге шағын кредит берумен айналасады. Толық ақпаратты 8 800 080 3505 анықтама қызметіне қоңырау соғып біле аласыз.
Құрметті Бижамал!
«Бәйтерек» холдингі бизнеске және халыққа бюджет қаражаты есебінен кәсіпорындар ашу, дамыту және тұрғын үй сатып алу үшін қолжетімді кредит бере отырып, қолдау көрсетеді. Бұл Холдинг ел бюджетін қайтаруы тиіс болатын қайтарымды қаражат. Өкінішке орай, 2021 жылы мемлекеттік қаражат есебінен Холдингте қайырымдылық көмек көрсету қарастырылмаған.Құрметті Кенжебек мырза!
Автокөлік құралдары мен қосалқы бөлшектерді сату жобасына қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігі туралы сауалыңызға келесіні хабарлаймыз.
Холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) қолдау құралдары Сіздің жобаңыз үшін барынша қолайлы қолдау шарасы болады.
«Даму» қоры шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарға үш түрлі қолдау құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастыру.
Қағидаларға сәйкес субсидиялау кәсіпкерлердің кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және БЖК-2025 қоса алғанда, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және салалық шектеулерсіз кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру түрінде қаржылық қолдау шараларын ұсыну көзделген.
Субсидиялау мерзімі:
- айналым қаражатын толықтыру үшін - 2 жылға дейін,
- инвестициялық мақсаттарға - 3 жылға дейін.
Жобалар салалық шектеулерсіз, ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған мөлшерлеме бойынша қаралады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит бойынша ең жоғары сома 20 (жиырма) миллион теңгеден, ал айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) миллион теңгеден аспауы тиіс.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде, өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады, алайда мыналар:
1) сауда қызметі саласындағы жобалар (айналым қаражатын толықтыруды қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);
3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар қызметі жатпайды.
Бұл ретте, сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн. теңгеден аспайтын сомада жүзеге асырылады.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 6%-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана субсидиялау жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін.
Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасының қаражаты бойынша қолдау шарасы көзделген, жылдық 8% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын 100% толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Бұл ретте, сауда қызметі саласындағы кредит сомасы 100 млн теңгеден аспайды. Субсидиялау мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік беру құралы кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуді көздейді, ол мынадай мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асырылады:
1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ол мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыт – «Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бойынша кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру түрінде кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі.
Бірінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлерді қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, ислам банктері және микроқаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит/микрокредит бойынша ең жоғары сома 20 млн. теңгеден, ал айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеден аспауы тиіс.
Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 млн. теңге.
Жобалар салалық шектеулерсіз, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған мөлшерлеме бойынша қаралады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Ішінара портфельдік кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85%-ын құрайды, ал кепілдік мерзімі кредит/микрокредит мерзімінен аспайды.
Екінші бағыт – «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау»:
Жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын кәсіпкерлер қатысады, алайда мыналар:
1) сауда қызметі саласындағы жобалар (айналым қаражатын толықтыруға 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттерді қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);
3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар қызметі жатпайды.
Кепілдік беру бойынша жоба шеңберіндегі кредит сомасы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеден аспайды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн. теңгеден аспайды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ына дейін, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кредит сомасының 50%-ына дейін.
Кепілдік номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) %-ға ұлғайтылған кредиттер бойынша беріледі. Инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыру мақсатында беріледі. Кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
2. «Даму-Оптима» кепілдік беру бағдарламасы.
Кепілдік беру бойынша жоба шеңберіндегі кредит сомасы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 180 млн. теңгеден аспайды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 30 млн. теңгеден аспайды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ына, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кредит сомасының 50%-ына дейін.
Инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыру мақсатында беріледі. Кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, қаржыландыру мүмкіндігін, қаржыландыру мерзімін, сыйақы мөлшерлемелерін және қаржыландырудың басқа да негізгі шарттарын айқындау үшін «Даму қорының талаптарына сәйкес құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін жобаны егжей-тегжейлі талдау және құрылымдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Қолдау құралдары туралы толық ақпарат алу үшін Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, 7 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Даму» қорының аймақтық кеңсесіне хабарласуыңызға болады, тел: +7 (7252) 997049 , 1408.