- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz
Құрметті Гаухар Ильясқызы!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі-Холдинг) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 08 ақпандағы №60 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидасына» (бұдан әрі - қағида) сәйкес тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесінде тұрған, тұрғын үйге мұқтаждардың тізімі бойынша «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) арқылы төленеді.
Өтініш берушілер үшін мынандай негізгі талаптар қойылады:
1) ҚР азаматтығы;
2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде ҚР есепті кезеңде алынған табыс ескеріледі:
еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
зейнетақы және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер;
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер.
3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес келесі санаттар бойынша баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы:
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі - ЖАО) кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды растау және Банктің тиісті мәртебесінің болуы кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы айқындалады.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер бюджет қаражаты есебінен 50% және алушымен 50% тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады. Сондай ақ, төлемдерді осы Ережеде көзделмеген мақсаттарға пайдалануға болмайды.
Төлемдер мемлекеттік тұрғын үй қорынан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу кезінде жүзеге асырылмайды.
Жеке тұрғын үй қорынан алушы жалға алған тұрғын үй үшін 1 ш. м. жалдау құнының мөлшері облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың коэффициенттеріне айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы деңгейі негізінде есептеледі және тиісті күнтізбелік жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін қолданылады.
Сонымен қатар, төлемдерді жүзеге асыру үшін отбасының құрамына қарай жалға алынған тұрғын үйдің жалпы алаңы төмендегідей рұқсат етіледі:
саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 40 ш. м. артық емес;
саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін-60 ш. м. артық емес;
саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін - 80 ш.м. артық емес.
Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші (үміткер) Банкке ЭЦҚ арқылы өтініш жасайды:
1) осы қағидаланың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер тағайындауға өтініш;
2) өтініш берушінің (үміткердің)зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алу құқығын банкке беру туралы өтініш;
3) Банктің дербес деректерді алуына және өңдеуіне келісім беру;
4) ҚР Заңнамасына сәйкес құқықтық кадастрда кемінде бір жыл мерзімге тіркелген осы қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үйді жалдау (жалдау) шарты.
Чтобы ответить на вопрос и опубликовать ответ на сайте в "Вопрос-ответ", перейдите по ссылке: https://baiterek.gov.kz/bitrix/admin/iblock_element_edit.php?IBLOCK_ID=39&type=kz&lang=ru&ID=6545&find_section_section=-1&WF=Y
Құрметті Асель!
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың табысы, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі – ЖАО-да кезекте тұрғандар) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынады.
Табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар (көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар) «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады («2-10-22»).
Табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «Шаңырақ» («5-10-20») пилоттық жобасы шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін алуға қатыса алады.
Қалған азаматтар үшін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы және екінші деңгейдегі банктердің басқа да ипотекалық құралдары қолжетімді.
Холдингтің еншілес ұйымы – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі-Компания) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру операторларының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Компания «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес «Жасалған келісімдер шеңберінде мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне сатып алу құқығымен жалдау» жобасын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыруда.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді сату үшін қатысушылар Компания мен мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғалар (министрліктер мен әкімдіктер, оның ішінде) арасында тиісті келісімдер жасасуы қажет.
Қазіргі уақытта сіз Компанияның тұрғын үйді жалдау жөніндегі бағдарламасының шарттарына сәйкес келмейтіндігіңізге байланысты, сізге тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуіңізді ұсынамыз.
Құрметті Жания!
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ келесі бағдарламаларды жүзеге асырады.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыздардың түрлері
ЖАО кезекте тұрғандармен білім беру және медицина қызметкерлері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға беру.
Алғашқы жарна: жоқ
Жалдау мерзімі: 240 айға дейін.
Жалдау мөлшерлемесі: жылдық 3,1 %;
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі;
Табыс жетпеген жағдайда кепілгерді тарту мүмкіндігі;
«Отбасы банк» АҚ ипотекалық несие түрлері
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО кезекте тұрғандар және салымшылар)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 25 жылға дейін
«Шаңырақ» (ЖАО кезекте тұрғандар)
Алғашқы жарна: 10 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %
Мерзімі: 20 жылға дейін
«Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй)
Алғашқы жарна: 10 % бастап
Мерзімі: 18 жылға дейін
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 2 %
Заем сумасы:
o 15 млн теңгеге дейін (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент, Атырау, Актау қалалары);
o 10 млн теңгеге дейін (басқа аймақтар)
«Өз үйім» (жаңа құрылыстарда тұрғын үй сатып алу, «Отбасы банк» АҚ меншікті бағдарламасы)
Алғашқы жарна: 20 % бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7%
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
Мерзімі: 20 жылға дейін
Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй заемы)
Жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап
Алғашқы жарна: 50% бастап
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 3,5% бастап до 5% дейін;
Қарыз мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.
Аралық тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 50% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7- ден 8,5% дейін кейіннен 5%-ға дейін төмендеуімен
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Алдын-ала тұрғын үй заемы
Алғашқы жарна: 20% бастап
Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап ( «Өз үйім бағдарламасы бойынша) *
Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)
Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып, мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап
* Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана
Құрметті Гүлбаршын!
ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы №1054 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аясында «ЖАО кезек күтушілері арасынан аз қамтылған отбасыларға Банктің кредит беруі» бағыты (бұдан әрі – «Бақытты отбасы» бағдарламасы) әрекет етеді.
«Бақытты отбасы» Бағдарламасына төмендегі санаттар бойынша Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж жандар есебінде тұрған келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнеткерлік аударымарды, жеке табыс салығын және өзге міндетті аударымдарды есепке алмастан) түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспайтын табысының болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- ЖАО-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушылардың көзделген санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесін растауы.
АО «Отбасы банк» (бұдан әрі - Банк), мемлекеттік операторлардың бірі ретінде несиелік өтінімді қабылдау және қарастыру, несиені беру кезінде құжаттар пакетінің толықтығын және Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу үшін заемдар (тұрғын үй, аралық және алдын ала) беруді қамтамасыз етеді.
Өтінімдерді бөлу кезінде басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға беріледі.
Заемдарды беру Банктер туралы Заңның талаптарына, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы жинақтары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз.
Банктің несиелік өтінімді қабылдау және талдау тәртібін реттейтін ішкі құжаттарына сәйкес несиелік өтінімді талдау мыналарды қамтиды:
- төлем қабілеттілігін талдау-қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының/кепілгердің қаржылық жағдайын анықтау;
- несие тарихын талдау - өткен және қолданыстағы міндеттемелерді өтеу тәртібін анықтау.
Банк тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының әзірлеушісі болып табылмайтынына назар аударамыз. Заемдарды беру Банктер туралы заң талаптарына, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтары мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерге және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Банктің барлық клиенттеріне бірдей талаптар қойылады. Сол себепті Банк Сіздің несиелік өтініміңізді ерекше тәртіппен қабылдап, қанағаттандыра алмайды.
Құрметті Дархан!
Сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй келесі санаттарға жататын бағдарлама қатысушыларына беріледі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері;
- ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Әкімдіктер жанындағы Білім басқармасы және Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері.
Қатысушылардың тізімдерін тікелей ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық Басқармалар қалыптастырады.
Толық ақпаратпен келесі сілтемемен танысуға болады https://khc.kz/kk/program/nurly-zher-teachers-doctors
Құрметті Дархан!
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде қолдау көрсетіп, несие алуға қатысты шарттары бойынша Сіздің өтінішіңізге жауап ретінде келесіні хабарлаймыз.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму қоры) Бағдарлама шеңберінде Екінші деңгейлік банк және микроқаржылық ұйым (бұдан әрі – ЕДБ/МҚҰ) беретін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 6 % дейін арзандату (субсидиялау) және ЕДБ/МҚҰ несиесі бойынша кепілдіктің жеткіліксіздігің қамтамасыз ету 85 % дейіңгі кепілдік беру түрінде қолдау шараларын ұсынады.
Бағдарламаға өз жобаларын индустриялық-инновациялық салада жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкер/субъектілер қатыса алады. Кәсіпкер ол өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері және өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік заңды тұлғалар;
Бағдарлама шеңберінде субсидиялар мен кепілдіктер беру шарттары тиісті Қағидалармен реттеледі, онымен https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060 сілтемесі бойынша таныса аласыз.
Даму қоры ЕДБ/МҚҰ жобаны мақұлдағаннан кейін несиені субсидиялау және кепілдендіру туралы шешім қабылдайтынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, кепілмен қамтамасыз етуді ұсыну бойынша шарттар ЕДБ/МҚҰ ішкі нормативтік құжатымен регламенттеледі.
Бағдарлама шеңберіндегі қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Даму қорының филиалына барып немесе 1408 телефоны бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып кеңес ала аласыз. Бұл ретте, Бағдарламаның шарттары өзгеруі мүмкін болғандықтан, Даму қорының сайтындағы (https://damu.kz/programmi/) ақпараттың жаңартылуын қадағалап отырғаныңыз жөн.
Құрметті Нұрлан!
«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзінің еншілес компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру және лизинг ұсыну бойынша ғана қаржылық қолдау көрсетеді. Қаржыландырудың толық шарттарымен танысу үшін Сізге Ақтау қаласы, 29 ш.а., №225 ғимарат (3-қабат) мекенжайы бойынша орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгіну қажет немесе компанияның https://www.agrocredit.kz/ сайтынан танысуға болады.Құрметті, Бауыржан!
Арнайы шотқа ақша қаражатының түскені туралы қарау немесе нақтылау үшін «Отбасы банк» АҚ мобильді қосымшасын жүктеу керек немесе 300 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болатындығын хабарлаймыз.
Құрметті Айгерім!
Салынып жатқан объектілер бойынша кепілдік беру туралы шарттар тізілімін және Құрылысы аяқталған тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) тізілімін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сайтының «Қызмет» - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» - «Үлескерлер үшін» бөлімінде көруге болады. Сондай-ақ, 8 800 080-44-48 жедел желі нөміріне хабарласа аласыз.
Бұл ретте, бірыңғай оператор болып табылатын «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұрынғы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ) кепілдігі берілген салынып жатқан объектілер Тараз қаласында жоқ екенін атап өтеміз.
Құрметті, Жәнібек!
«Бәйтерек» холдингі бизнесті дамытуға гранттар бермейді. Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының негізгі міндеті қайтарымдылық және ақылы негізде қаржылық қолдау шараларын ұсыну жолымен мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Алайда, сіз Холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға жүгіне аласыз, ұйым «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралдарын іске асыратын қаржы агенттігі болып табылады. Кепілдік беру құралы кепілдікпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуді көздейді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдау құралдары бойынша толық ақпаратты мына байланыс телефоны: +7 (727) 244 55 66 немесе https://damu.kz/ сайты арқылы білуге болады.