Кеңес ал!

«е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz

26.03.2022 Акбота

Салеметсиз бе мен коп баланы ала едим асыраушысы жок мен сиздерден комек сурагалы отырмын.

Құрметті Ақбота!

Холдингтің 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасында жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсетуге қаражаттың болмауына байланысты Сіздің өтінішіңіз бойынша қаражат бөлу мүмкін емес.

25.03.2022 Айнур

Маған күйеуім пенсионный накаплениясынан уступка жасап жатыр счетқа түсті енді скан вариантпен документтерді жібердік жауабы қашан дайын болады.

Құрметті Айнұр!

Банк құжаттарды екі күн ішінде қарайды.

19.03.2022 Айдана Алипова

Кәсіпкерлік оқуды тқығым келеді. Құртппн айналысқым келеді. Сол жайлы сұрақтарым бар

Құрметті Айдана!

Сіздің ықыласыңызды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан «Бастау» жобасы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жоба кәсіппен айналысамын деушілерді тегін оқытады. Жоба тренерлері бизнес жобаны жасауға көмектеседі. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін сіз өз бизнесіңізге грант ала аласыз. Толық ақпаратты ҰКП сайтында https://atameken.kz/kk/pages/832-o-proekte мекенжайы бойынша немесе 1432 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге ​​болады.

 


18.03.2022 Кабылова Айман

Салеметсиз бе! Мени казирги уакытта Алматы каласында ипотекалык уйде турып жатырмын. Декреттемин. Уш балам бар, жолдасым бар. Жалдамалы жумыс жасайды. Ско кошуге болады, кай жерден сурап билуге болады?

Құрметті Айман!

Мұндай сұрақпен сіз әкімдікке немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласа алатын шығарсыз. Сіздің өтінішіңізде айтылған мәселелерді шешу «Бәйтерек» холдингінің құзыретіне кірмейді.


15.03.2022 Жандос

Ассаламалеикум меным есымым Жандос менде залокка коярым жок .кредит алаиындесем малшаруашылыгына жолдары барма екен.

Құрметті Жандос!

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды Холдингтің еншілес ұйымдары жүзеге асырады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) тікелей кредит беруді, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарын қорландыруды қоса алғанда, сатудың бірнеше арналарын пайдалана отырып, микрокредит беруді жүзеге асырады, бұл мемлекеттік қолдау шараларымен кәсіпкерлердің көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаларды қаржыландыру клиент кепілмен қамтамасыз етуді ұсынған кезде жүзеге асырылады. Кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар АНК Кепіл саясатында көзделген.

Кредиттік өнімдер бойынша толық ақпарат АНК www.agrocredit.kz. корпоративтік сайтында орналастырылған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші деңгейдегі банк және микроқаржы ұйымы (бұдан әрі - ЕДБ/МҚҰ) беретін кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені 6%-ға дейін арзандату (субсидиялау) және ЕДБ/МҚҰ-ның кредиті бойынша кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде 85%-ға дейін кепілдік беру түрінде қолдау шараларын ұсынады.

Бағдарламаға индустриялық-инновациялық салада өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкер/субъектілер қатыса алады.

Қордың кредитті субсидиялау және кепілдендіру туралы шешім қабылдауы ЕДБ/МҚҰ жобасын мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Кепілмен қамтамасыз етуді ұсыну бойынша шарттар ЕДБ/МҚҰ ішкі нормативтік құжатымен регламенттеледі.

Бағдарлама шеңберінде субсидиялар мен кепілдіктер беру шарттары тиісті қағидалармен реттеледі, олармен мына сілтемелер бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060 және https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012183#z7.

Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өтініш беруші Қордың филиалына жүгіне алады немесе 1408 телефоны бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып, консультация ала алады. Бұл ретте, Бағдарламаның шарттары өзгеруі мүмкін болғандықтан, Даму Қорының сайтындағы ақпараттың жаңартылуын қадағалау керек (https://damu.kz/programmi/).

11.03.2022 Буркеева Альмира

1. малинамен айналысуга гран алуға болады ма? 2. Бролер жане несушка тауыгымен айналысып бпстаган едим сол салада гран алуга болады ма?


Құрметті Альмира!

Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының негізгі міндеті қайтарымдылық және ақылылық негізінде қаржылық қолдау шараларын ұсыну жолымен мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Холдингтің қолданыстағы инвестициялық саясаты шеңберінде бизнес-гранттар ұсыну қарастырылмаған.

Алайда, Сіз «Бизнестің жол картасы-2025 «мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралдарын іске асыратын қаржы агенттігі болып табылатын Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға жүгіне аласыз. Кепілдік беру құралы кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды болжайды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдау құралдары бойынша толық ақпарат алуға арналған байланыстар: тел: +7 (727) 244 55 66, немесе https://damu.kz/ сайтында

Сонымен қатар, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыратын «Бастау» жобасына қатыса аласыз. Бұл жоба бизнеспен айналысқысы келетіндерді тегін оқытады. Жоба тренерлері сізге бизнес-жобаны жасауға көмектеседі. Курсты сәтті аяқтаған жағдайда, сіз өз бизнесіңізге грант ала аласыз. Толық ақпаратпен ҰП сайтында https://atameken.kz/kk/pages/832-o-proekte сілтемесі бойынша немесе 1432 байланыс орталығына хабарласу арқылы таныса аласыз.

 



10.03.2022 Сейтен Әділет

Салеметсизбе? Есимим Әділет жасым 23 те ауыл тургынымын.Сурагым бар озимде 3000 гектар жерим еки тракторым баскада техникаларым бар ари карай дамыткым келет соган сиздерден калай комек алуга болады?

Құрметті Әділет

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзінің еншілес компаниялары арқылы кредит беру және лизинг құралдары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдауды қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың егжей-тегжейлі шарттарын сіз «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі филиалынан біле аласыз, олар бойынша ақпарат компанияның https://www.agrocredit.kz/main/contacts/affiliates/ сайтында ұсынылған. Лизингтік жобаларды қаржыландыру шарттарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарынан нақтылауға болады, олар бойынша ақпарат компанияның https://www.kaf.kz/contacts/branches/ сайтында ұсынылған.

01.03.2022 Манабаева Шарапат

Ұмай анаға өтініш бергімкеледі

Құрметті Шарапат!

«Ұмай» әйелдер ипотекасын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» жүзеге асырады. Осы орайда барлық сұрақтарыңызды «Отбасы банкінің» жергілікті филиалдарының бірінде немесе call орталығына (300, +7 (727) 330-9-300) қоңырау соғып, қойған дұрыс деп есептейміз.

24.02.2022 Сайлау Бек Шалхарұлы

Мал шаруашылығы бойынша несие алайын дегенмін менеджердің ном бере аластарма және қандай сайт арқылы есептеп көруге болады?

Құрметті Сайлау!

Мал шаруашылығын дамытуға кредиттерді «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дан алуға болады. Кредит алу шарттары бойынша толық консультация алу үшін компанияның

https://www.agrocredit.kz/main/contacts/affiliates/

сайтында мекенжайлары мен байланыстары көрсетілген компанияның жақын филиалдарына хабарласуға болады.

15.02.2022 Тілеухан Нұртәліп

Өзім де жұбайым да мұғалім болып жұмыс жасаймыз. Жұбайымны тұрғын үй құрлыс жинақ банкінен ашылған шоты бар шамамен 5 жыл болды. Сұрақ біз 10% дық бастапқы жарна төлеу арқылы үй ала аламызба? Немесе қанша пайыз ақшасын жинағанда үй ала аламыз және қанша уақыт ішінде?

Құрметті Нұртәліп!

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ холдингтің еншілес компаниялары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ келесі бағдарламаларды жүзеге асырады.

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ  қарыздардың түрлері

         ЖАО кезекте тұрғандармен білім беру және медицина қызметкерлері үшін  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға беру.

  • Алғашқы жарна: жоқ
  • Жалдау мерзімі: 240 айға дейін.
  • Жалдау мөлшерлемесі: 3,1 % годовых;
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
  •     Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі;
  • табыс жетпеген жағдайда кепілгерді тарту мүмкіндігі;

«Отбасы банк» АҚ ипотекалық несие түрлері

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО кезекте тұрғандар және салымшылар)

·                     Алғашқы жарна: 20 % бастап

·                     Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %

·                     Мерзімі: 25 жылға дейін

«Шаңырақ» (ЖАО кезекте тұрғандар)

·                     Алғашқы жарна: 10 % бастап

·                     Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5 %

·                     Мерзімі: 20 жылға дейін

·                     Заем сомасы:

  • 18 млн теңгеге дейін (Нұрсұлтан, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтары);
  • 15 млн. теңгеге дейін (Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстары);
  • 12 млн. теңгеге дейін (другие регионы)

«Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй)

·                     Алғашқы жарна:10 % бастап

·                     Мерзімі: 20 жылға дейін

·                     Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 2 %

·                     Заем сомасы:

o           15 млн теңгеге дейін (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент, Атырау, Актау қалалары);

o           10 млн теңгеге дейін (басқа аймақтар)

«Умай» әйелдер ипотекасы (Азия даму банкі)

  • Алғашқы жарна: 15 % бастап
  • Мерзімі: 25 жылға дейін
  • Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 12 %
  • Заем сомасы: 25,5 млн. теңгеге дейін

Өз үйім» («Отбасы банк» АҚ меншікті бағдарламасы)

·       Алғашқы жарна: 20% бастап

·       Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7%

·       Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып,                     мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап

·       Мерзімі: 20 жылға дейін

·       Заем сомасы: 100 млн. теңгеге дейін

«Әскери  Баспана» (для военнослужащих и сотрудников СГО)

  • Алғашқы жарна: 15 % бастап
  • Мерзімі: 25 жылға дейін
  • Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 8 % дейін
  • Заем сомасы: 100 млн.теңгеге дейін.

Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй заемы)

  • Жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап
  • Алғашқы жарна: 50% бастап
  • Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 3,5% бастап до 5% дейін;
  • Қарыз мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.

Аралық тұрғын үй заемы

·       Алғашқы жарна: 50% бастап

·       Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.

·       Несие бойынша мөлшерлемесі:  жылдық 7- ден 8,5% дейін кейіннен 5%-ға дейін төмендеуімен

·       Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)

* Аралық қарыз бойынша бастапқы мөлшерлеме сіздің депозитіңіз 3 жасқа толғанға дейін әрекет етеді, содан кейін сіз тұрғын үй заемының шарттарына көшесіз және кредит бойынша мөлшерлеме 5% - ға дейін төмендейді

Алдын-ала тұрғын үй заемы

·         Алғашқы жарна: 20% бастап

·         Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.

·         Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап ( «Өз үйім бағдарламасы бойынша) *

·         Несие бойынша мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша)

·         Тұрғын үй жинақ шарттарының орындалуын ескере отырып,               мөлшерлеме: жылдық 3,5 % бастап

      * Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана

Сұрақтар 31 - 40 / 99
Басы | Алдыңғы | 2 3 4 5 6 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар