22.05.2023

Мәжілісте "Бәйтерек" холдингінің 2022 жылғы жұмыс нәтижелері талқыланды

Мәжілісте "Бәйтерек" холдингінің 2022 жылғы жұмыс нәтижелері талқыланды

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде Мәди Такиевтің төрағалығымен «Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингінің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы "дөңгелек үстел" өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдарының басшылары қатысты. 

Өз сөзінде Мәди Такиев "Бәйтерек" холдингінің Қазақстан экономикасын дамытудағы, инновацияларды қолдаудағы, экспортты дамытудағы және еңбек өнімділігін арттырудағы, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. 40084.jpg

Холдингтің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс нәтижелерін алға тартты. Айтуынша, 2022 жылы елімізде ірі бизнес жобаларын қолдау аясында 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған, тауар экспортының 5%-ын холдинг шикізаттық емес секторда қолдауға арнады. Өткен жылы Қазақстанда пайдалануға берілген көппәтерлі үйлердің ауданы 9 млн шаршы метрді құрады. Оның ішінде 2,5 млн-ға жуығы құрылысты қолдау бойынша "Бәйтерек" ҰБХ тетіктері  арқылы қамтылған.

Жалпы, холдинг қызметінің барлық бағыттары бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа бағыттары мен халыққа қызмет көрсету жолдары енгізілуде.

40085.jpg

Одан әрі холдингтің қаржы құрылымдарының басшылары 2022 жылғы нәтижелермен бөлісті.

Атап айтқанда, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров 2022 жылы 51 жоба іске қосылып, 5 856 жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Ал, "Отбасы банкі" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда 2 млн-ға жуық адам тұрғын үй-құрылыс жинақтары арқылы тұрғын үй сатып алғанын айтты. 

40086.jpg 

Сондай-ақ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кредит беру көлемінің екі есеге артқаны туралы баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Депутаттар, Қазақстанның Даму Банкі көрсететін қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кешенді қолдау, отандық экспорттаушылардың тәуекелдерін барынша азайту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және т. б. Сұрақтарды ортаға салды. Сонымен қатар, ел экономикасын нығайтуға және қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды тиімді таңдау үшін бизнеспен және халықпен тұрақты диалогтың маңыздылығына назар аударды.

40088.jpg

Ақпарат көзі: https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50113/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар