Кеңес ал!

26.11.2025

«Бәйтерек» холдингі Түркістандағы халықаралық инвестициялық форумға қатысты

«Бәйтерек» холдингі Түркістандағы халықаралық инвестициялық форумға қатысты

Түркістан қаласында TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM-2025 халықаралық инвестициялық және туристік форумы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар, қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Форумның мақсаты – өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және экономикаға жаңа жобаларды тарту.

«Мульти-туризм – өңірдің тұрақты өсу драйвері» панельдік сессиясы аясында «Бәйтерек» холдингінің жобалармен жұмыс департаментінің директоры Алмас Ағыбаев сөз сөйледі. Ол туризм саласын дамыту экономика үшін мультипликативті әсер қалыптастыратынын және жобаларды қаржыландыруда кешенді көзқарастың маңызды екенін атап өтті.

«Туризмнің тұрақты дамуы үшін жекелеген нысандар ғана емес, көлік, қызмет көрсету, өндіріс және жеткізу тізбектерін қамтитын толыққанды экожүйелер қажет. “Бәйтерек” холдингі ұзақ мерзімді экономикалық қайтарым беретін, жұмыс орындарын ашатын және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыратын жобаларды қарастыруға дайын», — деді Алмас Ағыбаев.

Форум барысында өңірдің туристік нысандары, инфрақұрылымдық жобалары, агроөнеркәсіп өнімі, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан инвестициялық бастамалар таныстырылды. Шетелдік және отандық инвесторлар Түркістан облысының даму перспективаларымен және ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты.

«Бәйтерек» холдингі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру, туризм және оған ілеспе салаларды қоса алғанда, өңдеу емес секторды дамыту мақсатында инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты жалғастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар