19.02.2020

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанда халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанда халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз-конференциясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Холдингтің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы сөз сөйледі.

 

Осылайша, әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 108,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар сатып алынды. Осы қаражат есебінен әкімдіктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (Холдингтің еншілес ұйымы) салымшыларына және «7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына белгіленген бағамен 10,6 мың кредиттік пәтерді тапсырды. Ағымдағы жылы әкімдіктерді 101,2 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланған, бұл шамамен 10,4 мың пәтер.

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің бағыты бойынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға 527 млрд теңгеге 50,3 мың жеңілдетілген қарыз берді, оның 67 млрд теңгесіне 8,6 мың қарыз «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілді. Бұл қарыздар мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жылдық 5%-бен, 20% бастапқы жарнамен берілген. Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 1,6 млн. шарт бар, жинақ сомасы 806 млр. теңгені құрады. Банк теңгемен ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші орында.

 

Сонымен қатар, өткен жылдың шілдесінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін 20 жылға дейін жылдық 2%-бен жеңілдетілген ипотекалық кредит беру «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Республикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 51,7 млрд.теңге жалпы сомасына 5,2 мың өтінім келіп түсті, оның 50 млрд. теңгеге 5 мың өтінімі мақұлданды (42,7 млрд.теңге сомасына 4 233 қарыз берілді). Ағымдағы жылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары 10 мың қарызды құрайды.

 

Үлестік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры (Холдингтің еншілес ұйымы) 71,4 млрд. теңгеге жоспарлап, 88,8 млрд. теңге жалпы сомасына жобаларды мақұлдады. Бұл коммерциялық нарықта 6 мың пәтер сатып алу үшін халықтың салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы 90 млрд. теңгеден астам сомаға құрылысты аяқтауға кепілдік беру жоспарлануда.

 

Жеке құрылыс салушыларға кредиттерді субсидиялау бағыты бойынша. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры субсидиялау үшін жалпы сомасы 49,6 млрд теңге болатын 47 жобаға қол қойды. Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттер құны орта есеппен 50% арзандады. Сонымен бірге салынған тұрғын үйдің жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға және коммерциялық банктерге белгіленген бағамен сатылады.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп тұрған операторлар - Бәйтерек девелопмент, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын біріктіру арқылы «Бәйтерек» холдингінің тұрғын үй блогын оңтайландыру және Бірыңғай операторға «Даму» қорының құрылыс салушыларына қарыздарды субсидиялау функциясын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Осылайша, қолданыстағы бес оператордың саны екіге дейін азаяды - Холдингтің тұрғын үй блогы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алынған қарыздар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың сұранысын ынталандырады және Бірыңғай оператор функциялары арқылы тұрғын үй салу бойынша ұсынысты қамтамасыз етеді.

 

2

 

Әнуар Омарқожаев жаңа құрылыс әдістерін, заманауи материалдар мен технологияларды қолдану, жаппай құрылысты жоспарлаудың әр түрлі тәсілдері туралы айтты.

 

- Осыған байланысты «Құрылыс материалдарының маркетплейсі» тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз, ол өз алаңында тапсырыс берушілер мен жеткізушілерді делдалсыз тікелей байланыстырады. Сондай-ақ, белгіленген бағамен ұзақ мерзімді офтейк-келісім-шарттар жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл отандық өндірісті оқшаулау арқылы үй құрылысы комбинаттарының, құрылыс материалдарын өндірушілердің және импорттың орнын басатындардың жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Әнуар Омарқожаев.

 

Бұл шаралар тұрғын үй құрылысы бағасын орта есеппен 10% төмендетуге мүмкіндік жасайды.

 

3

 

Сонымен қатар, баспасөз-конференциясы барысында «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев сөз сөйлеп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған арнайы Ахуалдық орталықтың жұмысын көрсетті. Бұл жүйенің арқасында салынып жатқан барлық нысандарды заманауи бақылау технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан мониторингілеуге болады. Сондай-ақ, Ахуалдық орталық бөлінген қаражаттың игерілуіне және тұрғын үй сатылымына онлайн-мониторинг жүргізуге, ықтимал ауытқуларды көрсете отырып, нысанды пайдалануға беру күнін болжауға және тағы сол сияқтыларға мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар