17.10.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астанада «Бәйтерек» холдингі ұйымдастырған брифинг өтті. Онда Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың негізгі құралы ретінде «Кең дала 2» бағдарламасы жайлы айтылды.
2025-жылдың 1-қазанынан бастап Қазақстанда «Кең дала 2» бағдарламасы басталды. Оны «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Аграрлық несие корпорациясы жүзеге асырады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы өндірушілерін уақтылы қаржылық қолдаумен қамтамасыз етуге және келесі маусымға асықпай және қаржылық тәуекелдерсіз дайындалуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама былтырғыдан бір ай бұрын басталды. Бұл шешім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданды. Қаржыландыруды ерте бастау фермерлердің тұқымды, тыңайтқыштар мен дизель отынын алдын ала сатып алуға, техниканы жөндеуге және сол арқылы көктемгі егіс жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ерте қаржыландыру үлкен нәтиже береді: фермерлер шығындарды дұрыс жоспарлай алады, ресурстардың тапшылығын болдырмайды және егілетін егін шығынын азайтып, өзіндік құнын төмендетеді. Мұның бәрі ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығына және фермерлердің табысына тікелей әсер етеді.
- Осы тұста айта кету керек, бағдарламаның қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2023-жылы «Кең дала» бағдарламасына 140 млрд теңге бөлінсе, 2024-жылы бұл сома 321,5 млрд теңгеге жетті. Ал биылғы жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына бөлінген қаржы 500 миллиард теңгеден асты, деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы Перизат Шакенова.
Бағдарламаның басты артықшылықтары – қол жетімділік пен икемділік. Пайыздық мөлшерлемесі 5%.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие сомасының 85%-на дейін кепілдік алуға болады.
Брифинг видеосының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/scMsmphnTxk