Жауапты инвестициялау

Холдинг қаржы институты ретінде жауапты инвестициялауға ерекше көңіл бөледі. Өз қызметі шеңберінде холдинг инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне, оның ішінде Холдингтің контрагенттерінің ESG факторларымен танысу арқылы ESG факторларын енгізуге және біріктіруге ұмтылады.

Холдинг өзінің контрагенттерінен күтеді:

  • экологиялық тәуекелдерді (қоршаған ортаны) басқару жүйесін қоршаған орта мен қоғамға нақты және ықтимал әсерді анықтау, бағалау, басқару шараларын айқындау және нәтижелі енгізу, бақылауды жүзеге асыру және экологиялық тәуекелдердің деңгейі бойынша қолдану;

  • адам ресурстарын басқару және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету (сақтау) жүйесін қолдану, ол қызметкерлердің құқықтарын құрметтеуге, соның ішінде бірлесу бостандығын және ұжымдық шарттар жасасу құқықтарын құрметтеуге негізделуі тиіс; осы жүйе қызметкерлерге әділ қарым-қатынасты, олар үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауды, халық пен тұтынушылар топтарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсердің алдын алуды және болғызбауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс;

  • әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаларына негізделген адал корпоративтік басқару жүйесін қолдану; адал корпоративтік басқару ұйымның қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді болжайды және оның табысты қызметіне, оның ішінде нарықтық құнының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді.

ESG сұрақтарын компания қызметіне енгізудің тиімділігін бағалаудың негізгі құралы-ESG рейтингі. Сонымен қатар, мұндай рейтинг компанияның ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақтылығын анықтау үшін тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

2023 жылы өткізілген бағалау нәтижелері бойынша Холдинг sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінен "3" рейтингін (1 – ден 5-ке дейінгі балл, 1 – ең мықты балл), сондай-ақ 57 баллды (100 балдық шкала бойынша, 100-ең мықты) алды.

Рейтингтік агенттік күшті жақтар арасында Холдингтің корпоративтік басқару және әлеуметтік саясат туралы ақпаратты ашқанын атап өтті. Қызметті жақсарту үшін одан әрі бағыттар ретінде Холдингтің әкімшілік-шаруашылық қызмет шеңберінде де, жобалау қызметі шеңберінде де қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты ашу деңгейін арттыру қажеттігі атап өтілді.

Рейтинг қорытындысы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Холдинг тобының көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар