Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі даму қаржы институты ретінде ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және мүдделі тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады.
Холдингтің тұрақты дамуы - Холдинг өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығы, оның ішінде:
Холдинг ұзақ мерзім бойы тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісімділігін қамтамасыз етеді.
Экономикалық құрауышы | Экологиялық құрауышы | Әлеуметтік құрауышы |
---|---|---|
|
|
|
Холдингте бизнестің іскерлік беделін арттыруға, компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тұлғалармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін корпоративтік басқару кодексіне және Холдингтің тұрақты даму саласындағы саясатына сәйкес әзірленген стейкхолдерлер картасы бекітілді.
Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, Холдинг мынадай базалық қағидаттарды басшылыққа алады:
Холдинг өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына адалдықты ұстанатыны туралы мәлімдейді:
Холдингтің Директорлар кеңесі тұрақты дамудың енгізілуіне стратегиялық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Холдингтің Директорлар Кеңесі жанындағы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет Холдингтің тұрақты даму саласындағы қызметі туралы мәселелерді жыл сайынғы негізде қарайды.
Холдинг басқармасы орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын бекітеді. Холдинг басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі Комитет орнықты даму саласындағы іс-шараларды үйлестіруге жауапты болады.Холдингтің құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы ПӘК қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрақты даму саласындағы шараларды жүзеге асырады. Холдингтің тұрақты дамуының 2021 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
1. Холдингтің еншілес ұйымдары, атап айтқанда, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «ФРП Даму» АҚ, «ESC KazakhExport» АҚ «Бәйтерек» холдингінің Экологиялық және әлеуметтік саясаты негізінде жобаларды іріктеу бойынша ішкі нормативтік құжаттарды бекітті.
2. Жобаларды іріктеудің ағымдағы процестеріне жоғарыда аталған саясатты талдау бойынша жұмыс жүргізілді, оның нәтижесінде Холдингтің еншілес ұйымдары жобаларды таңдау кезінде ESG факторларын ескеретіні және осы факторларды басқа бизнес-процестерге енгізуге ұмтылатыны анықталды.
3. «ҚазАгро» холдингінің тұрақты даму саласындағы қызметіне және осы саладағы агроөнеркәсіптік кешеннің халықаралық тәжірибесіне талдау жасалды, нәтижесінде тұрақты ауыл шаруашылығын дамытудың бастамалары мен қағидаттары анықталды.
4. Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының «жасыл» жобаларының бірыңғай деректер базасы жаңартылды.
5. Холдингтің Директорлар кеңесі ақпаратты ашудың озық халықаралық тәжірибесі – GRI стандарттары негізінде дайындалған Холдингтің 2020 жылға арналған жылдық есебін және Холдингтің 2020 жылға арналған орнықты даму есебін бекітті (ҚР Басқармасының шешімі Директорлар 2021 жылғы 19 шілдедегі № 04/21). PwC Қазақстан зерттеулеріне сәйкес, «Бәйтерек» холдингі 2020 жылы ESG ақпаратын ашу бойынша Қазақстандағы ең үздік қаржы компаниясы атанды.