Жауапты инвестициялау

Холдинг қаржы институты ретінде жауапты инвестициялауға ерекше көңіл бөледі. Өз қызметі шеңберінде холдинг инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне, оның ішінде Холдингтің контрагенттерінің ESG факторларымен танысу арқылы ESG факторларын енгізуге және біріктіруге ұмтылады.

Холдинг өзінің контрагенттерінен күтеді:

  • экологиялық тәуекелдерді (қоршаған ортаны) басқару жүйесін қоршаған орта мен қоғамға нақты және ықтимал әсерді анықтау, бағалау, басқару шараларын айқындау және нәтижелі енгізу, бақылауды жүзеге асыру және экологиялық тәуекелдердің деңгейі бойынша қолдану;

  • адам ресурстарын басқару және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету (сақтау) жүйесін қолдану, ол қызметкерлердің құқықтарын құрметтеуге, соның ішінде бірлесу бостандығын және ұжымдық шарттар жасасу құқықтарын құрметтеуге негізделуі тиіс; осы жүйе қызметкерлерге әділ қарым-қатынасты, олар үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауды, халық пен тұтынушылар топтарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсердің алдын алуды және болғызбауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс;

  • әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаларына негізделген адал корпоративтік басқару жүйесін қолдану; адал корпоративтік басқару ұйымның қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді болжайды және оның табысты қызметіне, оның ішінде нарықтық құнының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді.

ESG сұрақтарын компания қызметіне енгізудің тиімділігін бағалаудың негізгі құралы-ESG рейтингі. Сонымен қатар, мұндай рейтинг компанияның ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақтылығын анықтау үшін тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

2019 жылы Холдинг алғаш рет халықаралық ESG-рейтингіне ие болды. ISS-Oekom рейтингтік агенттігінің сарапшылары Холдингке "D+"деңгейінде рейтинг берді. Бұл ретте орта есеппен ұқсас сектор ұйымдарының "D"/"С" деңгейіндегі рейтингтері, ең жоғары рейтингі – "B" (Азия Даму Банкі) бар.

Сарапшылар әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару және іскерлік этика қағидаларын ұстанатынын, сондай-ақ ESG факторларын Холдингтің стратегиясы мен бизнес-процестеріне интеграциялауға ұмтылысын растады. Сонымен қатар, жобалық қызмет аясында экологиялық факторларды ескеру қажеттілігі атап өтілді.

Холдинг бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, жобаларды іске асырудың әлеуетті экологиялық және әлеуметтік әсерлерін арттыру мақсатында холдингте 2020 жылы экологиялық және әлеуметтік саясат бекітілді. Саясат холдингтің және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметіндегі экологиялық және әлеуметтік факторларды есепке алу мен мониторингілеудің қағидалары мен тәсілдерін айқындайды. Саясатты әзірлеу кезінде жауапты инвестициялау бойынша халықаралық бастамалар – БҰҰ-ның жауапты инвестициялау қағидалары, экватор қағидалары, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша IFC қызметінің стандарттары ескерілді. Сондай-ақ, саясат шеңберінде АХҚО әзірлеген "жасыл" таксономия негізінде "жасыл" жобалардың критерийлері айқындалды.

Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған жаңартылған Даму стратегиясына сәйкес ESG рейтингі Холдингтің тұрақты даму саласындағы негізгі ПӘК ретінде анықталған. Осы ПӘК мақсатты мәні базалық мәнмен салыстырғанда («D+» деңгейінен «С» деңгейіне дейін) 2023 жылға қарай баллды 2 ұпайға арттыруды көздейді.


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар