Кеңес ал!

«е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz

25.01.2023 Моюльбаева Назым Асылбековна

Сәлеметсіз, кезекте тұрғандарға қолжетімді баспана , әсіресе Шаңырақ бағдарламасы Семей қаласында қашан қарастырылады екен? Басқа бағдарламалар шығып жатыр, ал халық осы бағдарламаны тосып отыр, мен де солардың бірімін.

Құрметті Назым Асылбековна!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді. Тұжырымдаманың 5.2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес «Жеңілдікті кредит беруді іске асыру» көзделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының «Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету» деген 2-міндетіне сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешуге жеткіліксіз азаматтарға жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жалғасады.

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттерде көзделетін қаражат, облигациялық қарыздар және келіп түсетін кредиттік төлемдер (қайтарылатын қаражат) шегінде:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларында, 68-бабының 2), 3) тармақшаларында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 2 %-дан (екі пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын;

2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағында (4) тармақшада айқындалған адамдарды қоспағанда), 68-бабының 4) тармақшасында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 5 %-дан (бес пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Банктің «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру», «Пилоттық жобалар (оның ішінде Шаңырақ) шеңберінде ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру» бағыттары, сондай-ақ бұрынғы «Кредиттік тұрғын үй құрылысы», «Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағдарламаларының бағыттары бойынша жеңілдікті кредиттеуді іске асыру үшін алған бюджет қаражаты толық көлемде игерілді.

Қаражаттың болмауына байланысты жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша қатысушыларға объектілерді сату тоқтатылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы іске асырылатын объектілер бойынша өтініштер мен біліктіліктерді қабылдау кезеңін бекітуге мораторий жарияланды.

Банк республикалық бюджеттен қаражат алғаннан кейін объектілерді сату қайта басталады.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жеңілдікті кредиттеуді іске асыруды қайта бастау туралы ақпарат Банктің әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде («Instagram»: otbasy_bank_kz; «Facebook»: Отбасы Банк Казахстана) және https://hcsbk.kz/ru/news/ресми сайтта орналастырылатын болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса Сізде Банктың +7 705 925 1301 WhatsApp телефон нөмірі бойынша жазу мүмкіндігіңіз бар.

14.12.2022 Тасымбеков Акжол Абубакирович

Саламатсыздар ма құрметті Бәйтерек холдинг басшылары биыл 2022 жылы Аграрлы кредит корпорациясы АҚ жүк тасымалдаушы көліктер (арнайы жабдықтандырылған техникалар) алуға бағдарламалар жоқ екендігін айтты. Осы орайда бізге толық ақпарат бересіздер ме неге берілмей отырғандығын және 2023 жылы арнайы жүк көлігін алу бағдарламасы енгізіледі  ме? Рахмет. Жауап күтеміз

    Уважаемый Тасымбеков Акжол Абубакирович!

«Бәйтерек» холдингі компаниялар тобына кіретін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы еншілес және тәуелді компаниялар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ тек ауыл шаруашылығына арналған арнайы техниканы сатып алуға қолдау көрсетеді. Сатып алынатын арнайы техниканың тізімін кеңейту бойынша аталған еншілес компаниялардың 2023 жылға арналған қаржыландыру бағдарламаларына өзгерістер енгізу қазіргі уақытта жоспарда жоқ.

Сонымен бірге, отандық өндірістің арнайы мақсаттағы автокөлік құралдары мен автотехникасын сатып алуға қызығушылық білдірсеңіз, Сіз «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға жүгіне аласыз. Техниканы сатып алу шарттарымен https://idfrk.kz/ru/products/services/ сайтында таныса аласыз, сондай-ақ 8 (7172) 79-63-63 телефоны арқылы компанияның байланыс орталығынан білуге болады.


04.11.2022 Сейтен Әділет

Болашак жастарға яғни мына біздерге ауыл-шаруашылығын көтеруге дамытуға мына сіздерден қандайда бір қаржылай көмек ала аламыз ба және алу жолдарыр нақты түсіндіріп өтсенсіздер?Рахмет!

 Құрметті Сейтен Әділет!

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзінің еншілес және тәуелді компаниялары арқылы кредит және лизинг құралдары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай қолдауды қамтамасыз етеді. Сіздің мақсаттарыңызға сәйкес келетін кредиттік бағдарламаны таңдап, кредит алудың шарттарымен толық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сайтында немесе компания филиалдарына барып таныса аласыз, олар туралы ақпарат https://www.agrocredit.kz/main/contacts/affiliates/ сілтемесі бойынша ұсынылған. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алғыңыз келсе, лизингтік бағдарламалардың шарттарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ сайтында немесе компания филиалдарына барып таныса аласыз, олардың мекенжайлары https://www.kaf.kz/contacts/branches/ сілтеме бойынша ұсынылған.


06.09.2022 Ибрагимова Гүлиира

Бизнестің жол картасы-2025 грантына жеке кәсіпкер құжат өткізе алады ма

Құрметті Гүлиира!

Сіздің мемлекеттік грант алуға қатысты өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз.

Мемлекеттік гранттар беру кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік гранттар облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі айқындайтын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы беріледі.

Мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен (бұдан әрі – қағидалар) регламенттеледі, олармен сіз сілтеме арқылы таныса аласыз https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060#z1837

Өз кезегінде, «Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бағдарлама шеңберінде қаржы агенті бола отырып, Қағидалар шеңберінде, кәсіпкер мемлекеттік грант алғаннан кейін жобалардың іске асырылуын мониторингтеу функциясын ғана жүзеге асырады.


21.08.2022 ШАХНАЗ

Сәлеметсіздер, Ұмай ипотекасы қашан басталады

Құрметті Шахназ!

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы – "Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі-Банк) қазіргі уақытта әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды әзірше тоқтатты.

Бұл бағдарлама қайта басталған жағдайда, ақпарат Банктің www.hcsbk.kz сайтында және Instagram, Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланады.

Банктің жаңалықтарын қадағалап отыруды сұраймыз.


19.08.2022 Нургул

Мен 2016-жылы "Нұрлы жол" бағдарламасымен КИК-тен Тараз қаласынан 1 бөлмелі пәтер алғанмын, ер балам бар. Сұрайын дегенім, сол 1 бөлмелі пәтерді мемлекеттік бағдарлама аясында 2 бөлмелі пәтерге ауыстыруға бола ма?

Құрметті Нургул!

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде тұрғын үй сату

операторларының бірі ретінде саналады. Бағдарлама шарттарына сәйкес жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрғандар арасында аталған тұрғын үй Қазақстан Республикасының тұрғын үй

заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен беріледі. Сондай-ақ Бағдарлама талаптарына сәйкес әрбір тұрғын үй нысаны бойынша «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен ЖАО арасында тараптардың әрқайсысының жауапкершілігі нақты белгіленген тұрғын үйді сатуға арналған Келісімшарттар жасалады.

Жоғарыда аталған келісімдерге сәйкес Бағдарламаға қатысу кестесін және кезекте тұрғандар арасында тұрғын үйді бөлуді ЖАО жүзеге асырады. Өз кезегінде, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ЖАО

ұсынған тізімдер (бағыттар) бойынша өтініш берушілердің төлем қабілеттілігін бағалайтын қаржы институты ғана болып табылады.

Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тұрғын үй кеңістігін кеңейту мәселесі бойынша ЖАО-ға хабарласуынызды сураймыз.


18.08.2022 Есбол Наурызбайұлы

Ассалаумағалейкум, қалайсыздар?!
Сіздерге қояр сұрағым - Шаңырақ бағдарламасымен отбасы банкі арқылы үй кезегіне тұра аламын ба? Тұруға болса, неден бастауым керек?? Қашаннан бастап кезекке тұру үшін өтінім жібере аламын? Алдын ала рақмет сіздерге! Орал қаласы.

Құрметті Есбол Наурызбайұлы!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үйкоммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі –

Бағдарлама) шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) мынадай бағыттар бойынша қарыздар береді:

1. жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға кредит беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасы;

2. ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату;

3. «Шаңырақ» пилоттық жобасы (5-10-20).

Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша қатысуға қойылатын талаптар Бағдарламамен бекітілген.

Бағдарламаның шарттары, Бағдарламаның 5.1.1-кіші бөлімнің 3-1-тармағына бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар

«Шаңырақ» пилоттық жобасына қатыса алады.

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұрып, кейін «Шаңырақ» пилоттық жобасына қатысу үшін тұрғылықты жеріңіздегі жергілікті атқарушы органға жүгінуіңіз қажет.


09.08.2022 Махмудов Абдусами

Маған АҚШ-пың техникасы керек Жон дир деген.Қанша пайыз субсидия береді

Құрметті Махмудов Абдусами!

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде John Deere компаниясы шығарған техниканы лизингке сатып алуға мүмкіндік береді. Техниканы бюджеттен тыс қаражат есебінен лизингке сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады және лизинг алушы үшін жылдық 6%-ды құрайды. Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша толық ақпарат алып, шарттарын нақтылау үшін компанияның жақын жердегі филиалына жүгіне аласыз, олар туралы ақпарат компанияның сайтында берілген https://www.kaf.kz/contacts/branches/.


22.06.2022 Аметова Кунсулу

Мен жалгыз турам куйеуиммен ажырасканмин балам шеттенып кеткен казырги танда квартира турам аке анам жок мен уй ал аламба?

Құрметті Ахметова Кунсулу!

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың табысы, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі – ЖАО-да кезекте тұрғандар) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынады. Табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар (көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар) «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады («2-10-22»). Табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін алуға қатыса алады.

Қалған азаматтар үшін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы және ЕДБ-нің басқа да ипотекалық құралдары қолжетімді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниялары – «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредит беруді және сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Тұрғын үй сатып алу шарттары

«Отбасы банк» АҚ арқылы:

Ø  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (ЖАО-да кезекте тұрғандар және салымшылар )

-  бастапқы төлем: 20% бастап;

-  кредит мөлшерлемесі: жылдық 5%;

-  мерзімі: 25 жылға дейін.

Қарыздың нысаналы мақсаты – ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін сатып алу.

Ø     «Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасылар үшін тұрғын үй)

-  бастапқы төлем: 10%-дан бастап немесе әкімдіктің тұрғын үй сертификаты;

-  кредит бойынша мөлшерлеме: жылдық 2%;

-  мерзімі: 20 жылға дейін;

-  қарыз сомасы: 15 млн теңгеге дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалалары); 10 млн теңгеге дейін (басқа өңірлер) ;

-  қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтардан тұрғын үй сатып алу.

Ø  «Өз үйім» (жаңа салынған тұрғын үйді сатып алу («Отбасы банк» АҚ-ның өз бағдарламасы)

-  бастапқы төлем: 50% бастап;

-  несие мөлшерлемесі: жылдық 7%;

-  тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауға байланысты, жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан басталады;

Мерзімі: 20 жылға дейін.

Ø  Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй қарызы)

-  жинақтау мерзімі: үш жылдан бастап;

-  бастапқы төлем: 50% бастап;

-  кредит мөлшерлемесі: жылдық 3,5% -дан 5% -ға дейін;

-  мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.

Ø  Аралық тұрғын үй заемы

-  бастапқы төлем: 50% бастап;

-  кредит мөлшерлемесі: жылдық 7%-дан 8,5%-ға дейін, кейін 5%-ға дейін төмендейді*;

-  кредит мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша) ;

- мерзімі: 25 жылға дейін.

* Аралық заем бойынша бастапқы мөлшерлеме сіздің депозитіңізге 3 жыл толған кезге дейін қолданылады, содан кейін сіз тұрғын үй заемы шарттарына ауысасыз және кредит бойынша мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді.

Ø  Алдын-ала тұрғын үй заемы*

-       бастапқы төлем: 20% бастап;

-       несие мөлшерлемесі: жылдық 7% бастап («Өз үйім» бағдарламасы бойынша) ;

-       несие мөлшерлемесі: жылдық 5% бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша) ;

-       тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауға байланысты, жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан басталады;

- мерзімі: 25 жылға дейін.

*Мемлекеттік бағдарламалар және «Отбасы банк» АҚ-ның «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде ғана.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы;

Ø  Білім беру және медицина саласының қызметкерлері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй

-  алғашқы жарна: жоқ;

-  жалдау бойынша мөлшерлеме: жылдық 3,1 % ;

-  жалдау мерзімі: 20 жылға дейін, жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;

-  жалға берілетін тұрғын үйді жалдау мерзімі аяқталғанға дейін сатып алуға болады;

-  табысыңыз жеткіліксіз болған кезде кепілгерді тартуға болады;

-  қарыздың нысаналы мақсаты – таза әрленген тұрғын үй сатып алу.

Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарының әкімдіктері ұсынады. «КТК» АҚ төлем қабілеттілігін бағалайды және жалға алу шарттарын жасасады.

Тиісінше, Бағдарламаға қатысу үшін немесе кезекке тұру үшін, Сіз жұмыс істейтін ұйым қай ведомствоға бағынатынына қарай Әкімдікке немесе Министрлікке жүгінуіңіз қажет.

 Бұл ақпарат baiterek.gov.kz сайтында «Қолжетімді тұрғын үй» -  «Ипотекалық кредит және тұрғын үй қарыздары» бөлімінде орналастырылған.

Бұдан басқа, «Отбасы банк» АҚ Вaspana market порталында халықтың осал топтары үшін жалдау ақысын субсидиялауға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына (отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төмен күнкөріс деңгейінен аз табысы бар) төлемдер тағайындау мен жүзеге асырудың тиісті қағидалары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген. Соңғы 6 айда жалға алу бойынша субсидия алуға үміткер отбасылардың жиынтық табысының мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс (1 ПМ=36 018 теңге). Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрғандардың мына санаттары қатыса алады:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Толық ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы «Отбасы банк» АҚ филиалына немесе 300 - шұғыл желі нөмірі бойынша хабарласуды ұсынамыз.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Әкімдіктер «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабының 1)-8), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салады. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, Әкімдікте кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй кезекпен беріледі. Осы бағыт бойынша толық ақпарат алу үшін тұрғылықты тіркелген жері бойынша әкімдікке жүгінуді ұсынамыз.

27.05.2022 Нуркеева Салтанат

"Ұмай"  қашан  өтініштер қабылдай бастайды ?

Құрметті Салтанат!

«Отбасы банкі» үшінші траншты күтуде. Қаражат келген кезде банк өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Жаңалықтарды бақылап жүріңіз.

Сұрақтар 11 - 20 / 98
Басы | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар