- Холдинг туралы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке тікелей өндіруші зауыттардан не олардың ресми дилерлерінен сатып алуға мүмкіндік береді. «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңына сәйкес лизинг нысанасын (түрі, маркасы, моделі, өндіруші зауыт және шығарған елі) және лизинг нысанасын жеткізушіні лизинг алушы таңдайды, лизинг алушының өтініммен бірге лизинг нысанасын жеткізушінің коммерциялық ұсынысын беруі бұған дәлел. Содан кейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ әлеуетті өнім берушімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырады. Айта кететіні, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техниканы сату нарығындағы бағаларды, инфляцияны, шикізат пен логистикалық қызметтерге бағаның көтерілуін реттемейді, тек қаржы институты ретінде әрекет етеді. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алу шарттары «ҚазАгроҚаржы» АҚ сайтында орналастырылған, сондай-ақ компания филиалдарынан қосымша кеңес ала аласыз, олардың байланыс телефондары https://www.kaf.kz/contacts/branches/. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.
Құрметті Тамара,
Өтініш білдіргеніңізге рахмет!
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы және еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй қарыздарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді.
Қолжетімді бағдарламалар мен кредит шарттарына қатысты нақты және толық ақпарат алу үшін тікелей «Отбасы Банк» АҚ-ға жүгінуді ұсынамыз:
• CALL-орталық: 300 (ұялы телефоннан тегін); 8 8000 801 880 (қалалық телефоннан тегін)
• Сайт: https://hcsbk.kz
• WhatsApp: https://wa.me/77059251301?text=%D0%97%D0%B4%D1%80%D0%B0%D0%B2%D1%81%D1%82%D0%B2%D1%83%D0%B9%D1%82%D0%B5.%20%D0%A3%20%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%8F%20%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%8C%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81.
• Telegram: https://web.telegram.org/#/im?p=@quanysh_bot
• Бөлімшеге жазылу: https://line.otbasybank.kz/ru/
• Видеоқоңырау шалу: https://videokzbroker.hcsbk.kz/files/client-registrator/#/call/register?source=vneshniy_sait
Құрметті Кенже!
2023 жылдың сәуір айынан бастап "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы - "Отбасы банк" АҚ "Дипломмен ауылға" жобасының операторы болып тағайындалды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған.
Көрсетілетін қызметті алушылардың жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу немесе салу мақсаттарына беріледі. Жақын туыстарынан, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы тұрақты тұратын тұрғын үй-жайларды сатып алуға тыйым салынады.
Несиелену сомасы – 1500 ЕАҚ-ға дейін.
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,01%.
Несиелеу мерзімі - 15 жылға дейін.
Өтініш беру үшін қажет:
1) Otbasy bank қосымшасы арқылы депозит пен ағымдағы шот ашу;
2) Baspana market жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/ жеке кабинетке кіру, мобильді қосымшадағы логин және ұүпия сөз бойынша;
3) Жеке кабинетте аты-жөніңізді басып, «Жеке кабинет» - «Дипломмен ауылға!» батырмаларын басып өту;
4) «Өтініш беру» түймесін басу;
5) Қажетті құжаттарды жүктеу;
6) ЭЦҚ-ні пайдалана отырып, бюджеттік кредит алуға өтінімге қол қою.
Қосымша ақпарат алу үшін сіз "Отбасы банк" АҚ өкілдерімен 300 (ұялы телефоннан тегін қоңырау шалу), 8 8000 801 880 (қалалық телефоннан тегін қоңырау шалу) нөмірлері бойынша байланыса аласыз; сондай-ақ кеңесшіге чат-Ботта хат жаза аласыз https://t.me/quanysh_bot.
Құрметті Сағит!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітіліп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының күші жойылды. Осыған байланысты Тұжырымдама шеңберінде «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға әлеуметтік кредиттік тұрғын үй беру жүзеге асырылуда.
Құрметті Шавкат Рахимович!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Сіздің өтінішіңізге жауап ретінде келесіні хабарлайды.
Бүгінгі таңда Холдингтің еншілес ұйымы – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Сатып алу арқылы жалға беру» өнімін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде Компания мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен қол қойылған келісімдер контекстінде сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді сатуды жалғастыратынын атап өткім келеді.
Осы бағдарлама шеңберінде Компания Астана қаласының әкімдігімен, Маңғыстау облысының, Қарағанды облысының, Қостанай облысының әкімдіктерімен және Министрліктермен (Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі) келісімдерге қол қойды.
Қол қойылған келісімдерге сәйкес Тараптардың әрқайсысының міндеттемелері қатаң регламенттелген, атап айтқанда: пәтерлердің саны мен түрлеріне сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың тізімін іріктеу және жасау жөніндегі іс-шаралар Әкімдіктер мен Министрліктерге бекітілген, яғни осы өнім бойынша Компания жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істемейді.
Сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үй келесі шарттарда таза әрлеу түрінде ұсынылды:
- жалдау мерзімі 20 (жиырма) жылға дейін;
- мөлшерлеме -3,1%;
- бастапқы жарнаның болмауы;
- өтінішті қарағаны үшін комиссияның болмауы;
- табыс жеткіліксіз болған кезде кепілгерлерді тарту;
- жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу;
- жылжымайтын мүлікті сақтандыру компания есебінен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Компания тек Астана қаласында пәтер сатуда және тұрғын үйді орналастыру Астана қаласының Әкімдігімен қол қойылған Келісім шеңберінде жүргізілуде.
Құрметті Ақмарал!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) және «Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының және Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде операторлар болып табылады. Жеке тұлғаларға жеңілдікті ипотекалық кредит беру, жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама шеңберінде кепілдіктер беру құралдары арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
Құрметті Фаризат!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) Сіздің бизнесті дамытуға қаржылық қолдау алудың жолдары бойынша өтінішіңізге жауап ретінде мыналарды хабарлайды.
Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - Даму қоры) кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының (бұдан әрі - Бағдарлама) негізгі операторы болып, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс атқарады.
Атап айтқанда, берілген қарыздардың пайыздық ставкасын арзандату (субсидиялау), кепілдіктер беру (кредит алу кезінде меншікті кепілзаттық қамтамасыз ету жетіспеген кезде), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде және өзге де қаржы ұйымдарында (бұдан әрі – ЕДБ және ҚҰ) олардың микро, шағын және орта бизнеске жеңілдікті кредиттерін одан әрі беруі үшін ақшалай қаражатты орналастыру сияқты кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыруда.
Даму қорының қолдау құралдарын алу үшін, бірінші кезекте, ЕДБ және/немесе ҚҰ-ның ішкі саясатына сәйкес құзыретіне жататын бизнес-жоба бойынша оң шешім алу талап етіледі. ЕДБ және/немесе ҚҰ бизнес-жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Даму қоры пайыздық мөлшерлемені арзандату және/немесе кепілдік беру бойынша қолдау құралын ұсыну мүмкіндігін қарастырады.
Қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Даму қорынан 1408 нөмірі бойынша толық консультация ала аласыз немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша олардың өңірлік филиалдарына хабарласа аласыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында Холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) жастар арасында (35 жасқа дейінгі) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша микрокредит алуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Микрокредиттер кепілмен қамтамасыз етумен жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша берілетін болады. Мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы бойынша – 7 жылға дейін. Салалық және аймақтық шектеулер жоқ.
Микрокредит алу шарттары бойынша толық кеңесті АНК филиалдарынан алуға болады, олапрдың мекенжайлары мен байланыстары https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates/ сайтында орналасқан, сондай-ақ 5353 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Құрметті Нурлан!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) қазіргі уақытта әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды әзірше тоқтатты.
Бұл бағдарлама қайта басталған жағдайда, ақпарат Банктің www.hcsbk.kz сайтында және Instagram, Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланады.
Банктің жаңалықтарын қадағалап отыруды сұраймыз.
Құрметті Ербол!
Қаржылық тұрақтылығыңызды растасаңыз, кредиттік тарихыңыз жақсы және кредит қаражатын қайтармау тәуекелін азайту үшін кепілмен қамтамасыз ету жеткілікті болған кезде «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дан қосымша қарыз алуға болады. Кредит алу шарттары бойынша толығырақ кеңес алу үшін компанияның жақын орналасқан филиалдарына хабарласуға болады, олардың мекенжайлары мен байланыс телефондары компанияның сайтында көрсетілген https://www.agrocredit.kz/main/contacts/affiliates/.
Құрметті Назым Асылбековна!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді. Тұжырымдаманың 5.2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес «Жеңілдікті кредит беруді іске асыру» көзделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының «Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету» деген 2-міндетіне сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешуге жеткіліксіз азаматтарға жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жалғасады.
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттерде көзделетін қаражат, облигациялық қарыздар және келіп түсетін кредиттік төлемдер (қайтарылатын қаражат) шегінде:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларында, 68-бабының 2), 3) тармақшаларында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 2 %-дан (екі пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын;
2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағында (4) тармақшада айқындалған адамдарды қоспағанда), 68-бабының 4) тармақшасында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 5 %-дан (бес пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Банктің «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру», «Пилоттық жобалар (оның ішінде Шаңырақ) шеңберінде ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру» бағыттары, сондай-ақ бұрынғы «Кредиттік тұрғын үй құрылысы», «Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағдарламаларының бағыттары бойынша жеңілдікті кредиттеуді іске асыру үшін алған бюджет қаражаты толық көлемде игерілді.
Қаражаттың болмауына байланысты жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша қатысушыларға объектілерді сату тоқтатылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы іске асырылатын объектілер бойынша өтініштер мен біліктіліктерді қабылдау кезеңін бекітуге мораторий жарияланды.
Банк республикалық бюджеттен қаражат алғаннан кейін объектілерді сату қайта басталады.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жеңілдікті кредиттеуді іске асыруды қайта бастау туралы ақпарат Банктің әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде («Instagram»: otbasy_bank_kz; «Facebook»: Отбасы Банк Казахстана) және https://hcsbk.kz/ru/news/ресми сайтта орналастырылатын болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса Сізде Банктың +7 705 925 1301 WhatsApp телефон нөмірі бойынша жазу мүмкіндігіңіз бар.