- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
2024 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындауға жауаптылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
1-бағыт. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі |
|||
2 |
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қатысуымен өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру («Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту және/немесе бюджеттік кредит беру жолымен) |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
Бөлінген қаражат шеңберінде жалпы қаржыландыру сомасы 473,3 млрд теңгеге 84 жоба қаржыландырылды |
3 |
Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру/бюджеттік кредит беру арқылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қатысуымен өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ |
Орындалды.
Бөлінген қаражат шеңберінде жалпы қаржыландыру сомасы 31 млрд теңгеге 2 жоба қаржыландырылды. |
4 |
Үлестік және мезониндік қаржыландыру құралдары арқылы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына инвестицияларды жүзеге асыру |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«QIC» АҚ |
Орындалды.
Бөлінген қаражат шеңберінде жалпы қаржыландыру сомасы 35,2 млрд теңгеге 11 жоба қаржыландырылды. |
5 |
«Өнеркәсіпті дамыту қоры»АҚ қатысуымен жиһаз, қағаз, қаптау, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыс индустриясының сұранысқа ие тауарлар бойынша (цемент, тауарлық бетон, темірбетон бұйымдары, газоблок, силикат кірпіш, құрғақ құрылыс қоспалары сынды базалық құрылыс материалдарын қоспағанда) жобаларды іске асыру |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалуда.
Өтінімдер түскен кезде және бюджет қаражатын бөлінген жағдайда, жиһаз, қағаз, қаптау, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыс индустриясының сұранысқа ие тауарлары бойынша жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
6 |
Отандық өндірістің медициналық техника паркін жаңарту |
ДМ
«СК-Фармация» АҚ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
Орындалуда.
Өтінімдер түскен кезде және бюджет қаражатын бөлінген жағдайда отандық өндірістің медициналық техника паркін жаңарту бойынша жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
2-бағыт. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар |
|||
14 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: ауыл шаруашылығы техникасы |
ИИДМ, АШМ,
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
Комбайндар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 7,2 млрд теңге сомасына 246 лизинг заты қаржыландырылды. |
15 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: автобустар |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
122,4 млрд теңге сомасына 52 лизингтік мәміле қаржыландырылды |
16 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: өрт, құтқару, санитарлық, коммуналдық техника, шұғыл қызмет машиналары, патрульдік автомобильдер |
Орындалуда.
Өтінімдер түскен кезде және бюджет қаражатын бөлінген жағдайда машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру бойынша жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
|
17 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: жүк тасымалына қатысатын автокөлік құралдары |
Орындалуда.
Өтінімдер түскен кезде және бюджет қаражатын бөлінген жағдайда машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру бойынша жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
|
18 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: жеңіл автомобильдер |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ |
Орындалды.
МИЖ, ҚЭН қоғамдық көлікті дамытуға қаражат бағытталуына байланысты қалыптаспаған. |
19 |
Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жобасын іске асыру: қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, арнайы мақсаттағы автокөлік құралдары мен автотехника |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
25,3 млрд теңге сомасына 442 бірлік арнайы мақсаттағы автокөлік құралдары мен автотехника қаржыландырылды |
24 |
6 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша отандық өндірушілерді экспорттық қаржыландыруды ынталандыру |
СИМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ |
Орындалды.
Жалпы қаржыландыру сомасы 62,5 млрд теңгеге 14 жоба қаржыландырылды |
26 |
Павлодар облысында қуаттылығы жылына 240 мың тонна жоғары сапалы ферросилиций шығаратын өндіріс құру |
ИИДМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ |
Орындалды.
Жоба нарықтық шарттарда тартылған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады. |
31 |
Шойын құю өндірісін құру үшін технологиялық жабдықтарды сатып алу жобасын іске асыру (лизингтік қаржыландыру) |
ИИДМ, СИМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ, «ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
Қаражатты игеру толық көлемде орындалды. |
32 |
Жүк техникасының жетекші белдіктерінің басты берілістерін өндіру жобасын іске асыру: лизингтік қаржыландыру және зауыт салу арқылы жабдықтарды сатып алу |
ИИДМ, СИМ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«ҚДБ» АҚ, «ӨДҚ» АҚ
«Тобыл» ӘКК» АҚ |
Орындалуда.
Жүк техникасының жетекші белдіктерінің басты берілістерін өндіруге арналған лизингтік мәмілені қаржыландыру басталды, 66,78 млрд теңге игерілді. |
36 |
Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру мониторингі |
ЭМ, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстардың, |
Орындалуда.
Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру мониторингі тоқсан сайынғы негізінде асырылады.
|
38 |
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу және реконструкциялау жобасын іске асыру |
ИИДМ, ҰЖМ, ҚМ
Облыстардың,
Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктері
«ӨДҚ» АҚ |
Орындалды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 46,6 млрд теңге сомасына 8 жобасы қаржыландырылды |