01.01.2026 08:00:00
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2022 жылғы 5 қазанда Лондон қаласында (Ұлыбритания) өткен «Global NPL» 4 халықаралық саммитінің алаңынды панельдік сессиясы болып өтті.
06.10.2022Банк логотипінің және атауының өзгеруі ілгері дамудың жаңа кезеңі болмақ
30.09.2022ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
28.09.2022Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін құрды. Іріктеудің негізгі критерийлері – қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты болды. Жақын арада бағдарлама қатысушыларының барлығы otbasybank.kz порталындағы жеке кабинеттерінде байқау нәтижелері бойынша өз мәртебелерін көретін болады.
27.09.2022«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Біріккен Араб Әмірліктері Орталық банкінің төрағасы Ұлы мәртебелі Халед Мохамед Баламаның басшылығымен Қазақстанға келген БАӘ делегациясымен кездесу өткізді. Екі елдің қаржы саласындағы, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығының келешегі кездесудің басты тақырыбы болды.
27.09.2022Аграрлық несие корпорациясы Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қаржыландыруды бастады. Биыл ауыл мен шағын қала тұрғындарына шағын несие беруге 40 миллиард теңге бөлінеді.
20.09.20222022 жылғы 19 қыркүйекте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысып жатқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде америкалық бизнестің «капитандарымен» өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың депозиттері ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді.
09.09.20223 қыркүйекте Қостанай облысында орман өрті салдарынан орын алған күрделі жағдай мен өрт ауқымының үлкен аумаққа жайылуына байланысты көптеген азаматтар баспанасыз қалды.
Қазақстан халқы тілдері күнін және ұлт ұстазы, ағартушы, тілтанушы, әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Бәйтерек» холдингі «Тіл шебері» байқауын өткізді. Онда Холдинг пен еншілес ұйымдардың 11 қызметкері бақтарын сынады. 3 кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі сыналды. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбектеріне байланысты тапсырмаларды орындап, шығармашылық қырларын танытты.