19.01.2024

«Бәйтерек» Италиямен экспорт және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

«Бәйтерек» Италиямен экспорт және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасы мен Ватикан мемлекетіне ресми сапары аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзара ынтымақтастықты дамыту және экспорттық сауданы бірлесіп қолдау жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойды.

Италияның экспорттық-кредиттік агенттігімен (SACE) өзара түсіністік туралы меморандумдарға Холдингтің екі еншілес компаниясы – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қол қойды.

Құжаттар қазақстандық шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайтуға және құрылымын кеңейтуге, сауда және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі, агросектордағы, көлік және логистика, энергетика, машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібіндегі бастамалар мен жобаларды қолдауға бағытталған.

«Біздің мақсатымыз – Италия мен Қазақстан арасындағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Орталық Азияда бизнес жүргізуге мүдделі италиялық компанияларды қолдау жолымен инвестицияларды ынталандыру және қазақстандық компаниялардың Италия нарығына шығуы мен қатысуын ынталандыру», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

SACE-пен кездесуде тараптар экспорттаушыларды қолдау, сондай-ақ италиялық капиталды, инновацияларды, технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, Қазақстанда экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды құру бағытында ынтымақтастық орнату және тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жолымен тұрақты даму міндеттерін іске асырады.

SACE SpA – Италияның экспорттық несие агенттігі, ол экспорттық кредит беру және инвестицияларды қорғаумен, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шыққан кезде әртүрлі қаржылық және қаржылық емес құралдарды ұсыну арқылы компаниялар мен қаржы институттарын қолдаумен айналысады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар