Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

23.10.2026

«Бәйтерек» холдингі ШҚО-да тамақ өнеркәсібін қолдау шараларын талқылауға қатысты

Кеңес ал!

23.10.2026

«Бәйтерек» холдингі ШҚО-да тамақ өнеркәсібін қолдау шараларын талқылауға қатысты

«Бәйтерек» холдингі ШҚО-да тамақ өнеркәсібін қолдау шараларын талқылауға қатысты

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Рысхан Нугурбеков Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің көшпелі отырысына қатысты. Қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары мысалында тамақ өнеркәсібіндегі отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін қарастырып, саладағы өзекті проблемаларды талқылады.

Отырыс Комитет төрағасы Наталья Годунованың төрағалығымен өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, депутаттар, бейінді министрліктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бизнес өкілдері қатысты.

Талқылауда ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамыту, өндірушілер үшін кедергілерді жою, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспортты ынталандыру мәселелеріне басымдық берілді. Мемлекеттік қолдау тетіктеріне және жекелеген тауар түрлеріне берілетін субсидиялардан жеңілдетілген кредиттеуге кезең-кезеңімен көшуге ерекше назар аударылды.

Рысхан Нугурбеков саланы қолдау мәселелері жөніндегі талқылауға «Бәйтерек» холдингінің атынан қатысты. Холдингтің көшпелі отырысқа қатысуы өндірушілердің қажеттіліктерін кәсіпорын өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және депутаттармен тікелей диалог барысында қарастыруға мүмкіндік берді.

Ол өз сөзінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы елішілік құндылықты дамыту бағытындағы Холдингтің жүйелі жұмысы туралы айтты. Бүгінде қаржыландыру шарттарына қазақстандық тауар өндірушілер мен мердігерлерді тарту жөніндегі қарсы міндеттемелер міндетті түрде енгізіледі. Олардың негізділігі цифрлық талдау құралдары арқылы расталады. Тамақ өнеркәсібін қолдауға және шикізатпен қамтамасыз ету саласындағы кооперацияны дамытуға ерекше мән беріледі. Осы мақсатта Холдинг клиенттері өндіретін тауарлар каталогы іске қосылды. Ол офтейк-келісімшарттар жасасуға жағдай жасап, ел ішінде кепілдендірілген өндірістік тізбектер құруға мүмкіндік береді.

«Тамақ өнеркәсібін дамыту үшін қолдау шаралары кәсіпорындардың нақты қажеттіліктерін ескеруі маңызды. Өндірушіге шикізат сатып алу, жабдықтарды жаңарту және өңдеу көлемін ұлғайту үшін қолжетімді қаражат қажет. Сондықтан бизнеспен тікелей диалог осы міндеттерді шешуге қандай қаржы құралдары қажет екенін анықтауға көмектеседі. «Бәйтерек» холдингі үшін отандық өнім өндірісін ұлғайтатын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын жобаларды қолдау басым бағыт болып табылады», – деп атап өтті ол.

Көшпелі іс-шара бағдарламасы аясында қатысушылар «Восток-Молоко» корпорациясы» ЖШС, «Украинка» шаруа қожалығы және «Altai Mai» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын басшылары өндірістердің қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту үшін шешуді қажет ететін мәселелерді таныстырды.

Талқылау тамақ өнеркәсібін қолдау тәсілдерін жетілдіруге, отандық ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін ұлғайтуға және қазақстандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы ұстанымын нығайтуға бағытталды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар